Барлық қазақстандықтардың сүйікті мерекесі – Наурыз мейрамын «Ақмола ЭҮК» АҚ қызметкерлері жоғары деңгейде қарсы алды.

Ауа райының дымқыл әрі желді болғанына қарамастан, басқарма аппаратының барлық бөлімдері мен қызметтері көпұлтты мемлекетімізде өмір сүруші халықтардың достығы тақырыбына арналған костюмді шоуға қатысты. Мейрам ашық аспан астында бас кеңсенің ауласында орнатылған үлкен ақ киіз үйдің алдында өтті.

Мейрамды ашу салтанаты «АЭҮК» АҚ Бас директоры М.М. Зулеевке бұйырды. Ол қызметкерлерді мерекемен құттықтап, денсаулық, бақыт, ынтымақ тіледі. Құттықтаудан кейін кәсіби әртістердің өнер көрсетулерімен қатарласа келген компания қызметкерлері тарапынан әзірленген шығармашылық нөмірлерге толы концерт орын алды. Көрермендер кәсіби әртістерді де, өз күшімен әртістік өнерлерін паш ете білген компания қызметкерлерін де қуана қабылдады. Өз тараптарынан қол соғудан аянбаған көрермендер шын көңілдерімен ән айтып, би билесе кетті.

Концерттен соң аспаздық тағамдардың конкурсы басталды. Бұл жылы әділқазылар мен көрермендерді өздерінің теңдессіз аспаздық туындыларымен ҚжЕҚҚ, ДТБҚ ОҚ, ЕтжБҚҚ және есепшілік бөлімі қызметкерлері таңғалдырды. Жеңімпазды іріктеудегі басты қағида тағамдардың дәмі, сыртқы безендірілуі және ұсынылуы болды. Бірінші орын есепшілік бөліміне бұйырды. Олардың қонақ қабылдауға әзірлеген әрі мерекелік безендірілген дастарқаны Қазақстанда мекен ететін әртүрлі халықтардың ұлттық тағамдарынан құралған еді.

Мерекені армрестлингпен он алты келілік гірді көтеру бойынша спорттық жарыстар шаттық пен жалынға толтыра түсті. Мерекенің спорттық бөлімі ер адамдар да, әйел адамдар да қатысқан арқантартыс ойынымен аяқталды.

Мерекелік іс-шара компанияның барлық филиалдарында өтті.