Энергетика Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық саласында маңызды рөл атақарады және динамикалық теңестірілген жүйе ретінде қарастырылады. Саланың тиімді және сенімді жұмыс істеуі онда жұмыс істейтін жұмыскерлерге байланысты, сол себепті энергетиктердің қызметі мемлекеттік өкілетті органдармен және қоғамдық ұйымдармен, Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығымен және ТМД Электр энергетикалық кеңесімен жоғары бағаланады.

2015 жылы «АЭҮК» АҚ Энергетиктер күнін атап өтуде, саланы және Компанияны дамытудағы қосқан үлесі үшін 53 адамды марапаттады.

Олардың ішінде «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағына ие болған  Атбасар аудандық электр желісі бастығы Пригодин Василий және ТМД ЭЭК Құрмет грамотасымен марапатталған Қорғалжын аудандық электр желісі бастығы Бейсембеков Уалихан бар.

Сонымен қатар ҚЭҚ шешімімен «Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының еңбегі сіңген энергетигі» деген құрметті атақ  Аршалы аудандық электр желісі бастығы Соломко Викторға және «АЭҮК» АҚ Бас  директорының үлестіру бойынша орынбасары Чернокоз Василийге берілді,  ал «Қазақстан Электр энергетикасы Қауымдастығының құрметті энергетигі» атағы берілді:

«АЭҮК» АҚ ӨТҚ бастығы Кауланов Берікке,

ЕАЭЖ бас инженерінің орынбасары Куртеев Александрға,

Атбасар аудандық электр желісі шебері Тараканов Олегке

және Шортанды аудандық электр желісі бастығы Хабовский Анатолийге

«Қазақстан Электр энергетикасы қауымдасытығының Электр энергетика ардагері» құрметіне атағына ие болғандар:

СтАЭЖ зейнеткері, Виктор Михайлович Алексанин,

Қорғалжын аудандық электр желісі бастығының орынбасары Куаныш Асаинов,  

«АЭҮК» АҚ МТЖҚ бастығы Жанат Бейбытов,  

СтАЭЖ-нің ғимарат құрылысын салу және жөндеу тобының шебері  Абай Блялов,  

Астрахан АЭЖ ҮЖ-нің үлестіру жөніндегі электрмонтеры Виктор Леонов.

Компанияның бірқатар қызметкерлері Ақмола облысы әкімінің, «АЭҮК» АҚ Бас директорының және ҚЭҚ-ның құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

 

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі