Целиноград ауданының «Воздвиженка» 110/35/10 кВҚС-сында қайта құру жұмыстары жүріп жатыр.

Ағымдағы жылы қосалқы станциядағы қайта құру жұмыстары шеңберінде ескіріп кеткен 10 кВ ұяшықтарын 14 дана мөлшеріндегі микропроцессорлы қорғанысқа ие вакуумды ажыратқыштары бар жаңа КМ-1КФ маркаларына ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

Блок-модульді ғимарат пен ұяшықтар монтажы бойынша жұмыстар Ақмола ААЭЖ қосалқы станциялар қызметінің бастығы Бекпаев Алтынбектің жетекшілігімен Ақмола ААЭЖ қосалқы станциясы қызметінің қызметкерлері (ЖШБ шебері Орехов Николай, электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрослесарьлар Ильясов Асхат, Егинбаев Дамир, Абишев Жаслан, электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрослесарь Анденко Валерий) және Целиноград АЭЖ қосалқы станциялары тобы (Аға шебердің м.а. Гапур Руслан, электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрослесарьлар Смагулов Бауыржан, Абдрахманов Ринат, Сарбасов Нурмухаммед) тараптарынан жүргізілуде.

2011 жылы «Воздвиженка» ҚС-да жабдықтарды жетілдіру жұмыстарын жүргізу кезінде Т-1 және Т-2 транфсматорлар тізбегіндегі ОД-КЗ 110 кВ блоктары ВГТ-110 кВ элегазды ажыратқыштарына, сонымен қатар күш трансформаторларын қорғаудың ескірген панельдері БМРЗ заманауи микропроцессорлы қорғаныстарына ауыстырылған еді. 2014 жылы мұнда технологиялық карталарға сәйкес жұмыстың барлық кешенінен тұратын күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Жоғарывольтті сынамалардан бастап жабдықтарды жөндеу, зақымдалған жабдықтарды ауыстыру, аумақты бояу және абаттандыру бойынша  жұмыстар жүргізілді.

Ақпарат үшін:

«Воздвиженка»110/35/10 кВ ҚС Целиноград ауданының Воздвиженкаауылында орналасқан және 10 кВ желілері бойынша Воздвиженка, Талапкер, Қажымұқан секілді астана маңындағы ауылдар мен 96-жол айрығын электрмен қуаттайды. Қосалқы станцияда 6300 кВа екі трансформатор, 35 кВ жеті ұяшық және 10 кВ он алты ұяшықтары орналасқан. Олардың бесеуі ӘЖ-10 кВ-дан шығады. 35 кВ желілер бойынша Максимовка, Фарфоровый, Семеновка және Новоишимка елді мекендеріндегі қосалқы станциялар мен Қосшоқы станциясындағы 35/0,4 кВ ҚС қуат көзін алады. Қосалқы станция жүктемесі трансформатор қуатының 75%-ын құрайды.

             

 ОРЛОВ Геннадий,

Целиноград АЭЖ бас инженері