Халықаралық энергия үнемдеу күні аясында Астанада Энергия үнемдеу бойынша V Халықаралық форум өтті. Іс-шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ ұйымдастырды. 

Форумның мақсаты-Қазақстан халқы арасында энергия үнемдеу мәдениетін насихаттау. Панельдік сессия аясында энергия үнемдеу саласында инвестициялар мен инновацияларды тарту мәселелері талқыланды. Жетекші сарапшылар, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан форум алаңы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытуға қызмет етеді.