Қабанбай батыр ауылындағы «АЭҮК» АҚ Ақмола ААЭЖ оқыту-жаттықтыру полигонында үлестіру желілерін пайдалану және жөндеу бойынша жедел-жөндеу персоналының ақтық жарысы болды. Үш күн бойы аймақтық жарыстарда бірінші екі орын алған алты команда ең күштілер атағы құқығын алуға жарысты.  

Іс-шара командаларды сапқа тұрғызумен және туды көтерумен басталды. «АЭҮК» АҚ бас директоры  Наиль Сайфуллин қатысушыларды құттықтай отыра жыл сайынғы дәстүрлі жарыстардың басты мақсаты үлестіру желілерін пайдалану және жөндеу бойынша жедел-жөндеу персоналының шеберліктерін жетілдіру болып табылатынын атап өтті. Ол командаларға - лайықты күрес, ал судья алқасына - әділ төрешілік тіледі. Кейін сөз алған «ОАЭК» АҚ қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология департаментінің директоры Руслан Зинатулин болашақта осындай жарыстар холдингтің еншілес кәсіпорындары арасында өткізу болжаланып отырғанын айтты. «АЭҮК» АҚ өндіріс бойынша бас директор орынбасарының-бас инженердің м.а. Сергей Байков жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. «Осы үш күннің ішінде сіздер көп жылдар бойы барлық жинақтаған еңбек қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды практикада қолдануда өз шеберліктеріңізді көрсетулеріңіз керек», - деді ол.

Сосын командалармен жарыс кезеңдерінің кезектілігін анықтайтын жеребе салу болды.

Алты кезеңнің бірі ТҚЕ, ППҚ және ТПЭ, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нормалар мен нұсқаулықтар теориялық білімі болды. Бұдан басқа  командалар алдында АС-10 кВ тірегіндегі элетр тогы әрекетінен зардап шегушіні босату және оған дәрігерге дейін көмек көрсету, 10 кВ на ЖТҚС-10/0,4 кВ 10 кВ ақаулы өту айырғышын, АС-10 кВ темірбетон тірегіндегі бұзылған РЛНД-10 кВ және АС-10 кВ қиылысу аралығындағы ВЛИ-0,4 кВ (СИП) сымын ауыстыру тұрды. Бұдан басқа бригаданың жабдықталуы және бригадалық машинаның қажетті құралдармен және саймандармен жабдықталуы бағаланды.

Үш күннің қорытындысы бойынша бірінші орынды жалпы сомасы 357 баллмен Атбасар АЭЖ бригадасы, бір ғана балл жіберіп Аршалы АЭЖ командасы екінші орын, 355 баллмен Сандықтау АЭЖ бригадасы үшінші орын алды. Осылай, жарыстың былтырғы жеңімпаздары – атбасарлықтар өздерінің көшбасшылықтарын сақтап қалды.  

Жарыс қорытындысы бойынша үздік мастер Сандықтау АЭЖ  Веселовск МУС  Кенжебай Ахметов болды. Үздікэлектрмонтер Жақсы АЭЖ Ишим МУС Александр Кирпаболды.ТҚ және ЭТ ережелерінен ең үздік білім көрсеткен Ерейментау АЭЖ жас электр монтері Александр Гоппе көрсетті.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі