«Ақмола ЭҮК» АҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жыл сайынғы спартакиада өтті. Оған басқарма аппаратының және компания құрылымдық бөлімшелерінің құрама командалары қатысты. Жарыс спорттың төрт түрі волейбол, үстел теннисі, армрестлинг және шахмат бойынша өткізілді. Компанияның спорт кешені алаңында екі күн бойы өз ретінде ең жақсы атаққа лайықты болуға табанды күрес болды.

Ауыспалы кубоктың әрекеттегі иегері – Ақмола ауданаралық электр жүйелері құрамасы осы жолы да компанияның мықты командасы болды. АААЭЖ спортшылары спорттың барлық түрлерінен бірінші болды. Екінші орынды – басқарма аппаратының құрамасы, үшінші орынды Есіл АЭЖ құрамасы алды.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі