Астана маңындағы кенттердің қарқынды дамуы және энергияны қолданудың өсуі жаңа электр беретін желілер құрылысын салу қажеттілігін туғызды.

 Тек Целиноград ауданының өзінде үлестіру желілерінің ұзындығы 0,4-10 кВ, былтырғы жылдың инвестициялық бағдарламасы аясында қайта жөндеуге жататындар саны 44 шақырымды құрады. Жарты ғасыр бұрын пайдалануға берілген желілер тораптардағы электр энергиясының көптеп жоғалтумен көрініс тапты және әлдеқашан күрделі жөндеуді қажет еткен болатын. Қайта жөндеу барысында қарапайым А 16-35 маркалы сым өзі көтеретін оңашаға ауыстырылды, бұл апатты-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін азайтты және әуе желілеріне лақтырымдар арқылы электр энергиясын ұрлаудың алдын-алды. Қабанбай батыр ауылында 0,4-10 кВ үлестіру желілерін қайта жөндеу жұмыстары барысында ұзындығы 18 шақырымнан асатын 0,4 кВ-ӘЖ құру жүргізілді және бес жаңа  10/0,4 кВ жинақы-трансформаторлық қосалқы станциялар қойылды. Талапкер кентінде 0,4 кВ-ЭБЖ 8,618 шақырымы жөнделді және үш ЖТҚ ауыстырылды.

 Өткен жылдың күзінде Целиноград ауданының әкімдігі және «Ақмола ЭҮК» АҚ өзара ынтымақтасық туралы шартқа қол қойды. Осыған орай «АЭҮК» АҚ өзінің инвестициялық бағдарламасына біршама өзгертулер енгізді, онда Қызылжар ауылында 10-0,4 кВ-ЭБЖ және ТҚ, 10/0,4 кВ-ЖТҚ және Целиноград ауданының Максимовка ауылында  10-0,4 кВ-ЭБЖ және ТҚ, 10/0,4 кВ-ЖТҚ құрылысын салу жобалары қосылды. Құрылыс көлемі аталған ауылдық елді мекендер тұратын тұрғындарының электр желілеріне қосылуға деген қажеттілігіне қарай қабылданды. Бірінші кезеңде желілерді тарту қажеттіліке қарай, яғни тұтынушы бар жерлерге тартуға шешілді. Қазіргі таңда жөнделген электр беруші 10-0,4 кВ желілері 17,49 шақырымды құрайды, сонымен қатар бес 10-0,4 кВ ЖТҚН жөндеу жүргізілді. Жұмыс барысында жетіспейтін 10-0,4 кВ ЖТПН орнына 2014-2015 жылдардағы қайта жөндеу объектілерінен босағандар қолданылды. 

Астрахан ауданының Каменка кентіндегі 10 кВ-ЭБЖ қайта жөндеу жобасы «АЭҮК» АҚ үшін 2015 жылғы инвестициялық бағдарламаның әлеуметтік маңызды жобаларының бірі болды. Оның іске қосылуы желілердегі жалпы желі бойының 2,5 есе қысқаруы есебінен электрэнергиясы шығындарын айтарлықтай қысқартуға әкелді. Кенттен 17 шақырым «Родина» 35/10кВ ҚС қосылған  электр беруші ескі желі қайта жөндеу барысында толықтай бөлшектенді. «Жамбыл» 35/10 кВ-ҚС қосылған жаңа желі небәрі алты шақырымға созылған. Сонымен қатар, құрылыс барысында 35-ҚС темір сымы 35-АС сымына ауыстырылып, ал тіреулер бөлшектенген ескі желіден алынды.

Осы аталған жобалардың барлығы Ақмиола АЭЖ құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен жұмысы мен басшылардың білімділігінің арқасында болғанын атап кету керек. Жұмыстарды жүргізу барысында ААЭЖ бригадалары мен арнайы техникасы көптеп қолданылды. Адамдар демалыссыз жұмыс істеп, жаңа электр берушілер тезірек пайдалануға берілу үшін барлығын істеді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі