«АЭҮК» АҚ-да Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры және Астана қаласы №8 емхана өкілдерінің қатысуымен зейнетақымен қамсыздандыруды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жаңғырту мәселелері бойынша кездесу өтті.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту зейнетақы жүйесінің сатылы үш деңгейлі үлгісін енгізуді болжайды. Ол негізгі зейнетақы (қатысу өкіліне байланысты мемлекетпен берілетін), шартты-жинақтаушы компоненттерден тұратын зейнетақы (жұмыс берушілердің 5% жарналары есебінде қаржыландырылады) және БЖЗҚ зейнетақысынан (жұмысшылардың 10% жарналары есебінде қаржыландырылады) құрылады.

Осылайша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақыны төлеу жүйесі түбегейлі өзгерлі. Зейнетақы мөлшері тікелей жұмыс өтіліне байланысты. Сондай-ақ 2017 жылдың 1 шілдесінен негізгі зейнетақы 13%-ға жоғарылады. Ал келесі жылдан бастап ол жұмыс өтіліне қарай төленетін болады. 10 және одан да аз жұмыс өтілі бар тұлғаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы есептелетін болады. Содан кейін еңбек өтілінің әрбір жылына 2%-дан қосылып отырады. Осылайша, еңбек өтілі 20 жыл зейнеткерлерге негізгі зейнеткерлік төлем 74%-ды құраса, 33 және одан да көп жұмыс өтілі бар зейнеткерлерге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ытөленеді. Бұдан бөлек, біртіндеп – 6 айға 10 жыл ішінде 2027 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін көтеру көзделуде.

Осылайша 2020 жылдың 1 қаңтарынан ЖМЗЖ немесе жұмысшылардың міндетті зейнеткерлік жарналары деп аталатын зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдасы енгізіледі. Ол жерге жұмысшылар табыстарының 5 % есептеліп жіберілетін болады. Жүйенің негізгі қағидаты: көп еңбек өтіліне және аударымдарға ие азаматтар жалақыны көбірек алатын болады.

Аталмыш зейнеткерлік жүйенің басты мақсаты – жұмысшылар, жұмыс берушілер және мемлекет арасындағы жауапкершілікті ажырата білу. Бұл азаматтардың бірінші кезекте өздеріне сенулеріне негізделеді. Азаматтар өз кәсіби жолында мемлекеттің толық қамсыздандыруына сенім білдірмей, зейнетақы қорларына аударымдарды аударып тұрулары қажет.

2017 жылдың шілде айынан бастап денсаулық сақтау жүйесі де өзгеріске ұшырайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР заңына сәйкес,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МАМС) мен ерікті медициналық сақтандыру, барлық азаматтар үшін тегін медициналық көмектің кепілді көлемнен тұратын (ТМККК) мемлекетте денсаулық сақтаудың аралас үлгісі енгізіледі. Мемлекет және жұмыс беруші әр азаматтың денсаулығын қорғау жауапкершілігі енді сол адамның өзіне жүктеледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) – бұл аударымдар мен жарналар түсетін бейкоммерциялық ұйым.

Медициналық сақтандырудың болуы, медициналық қызметтің барлық түріне, оның ішінде қымбат тұратынына мүмкіндік береді. Сақтандырудың бар, жоғын білу үшін электрондық дерекқорға адамның ЖСН енгізу жеткілікті.Егер ол үшін жарна төленіп жатса, онда ол автоматты түрде сақтандырылған болып шығады.

Сақтандыру болмаған жағдайда, төмендегілер кіретін, мемлекет кепілдік берген медициналық жәрдемді алуға болады:

Жедел жәрдем және санитарлық авиация;

әлеуметтік маңызды аурулар (онкологиялық аурулар, туберкулез, қан диабеті және т.б.) және төтенше жағдайларда медициналық жәрдем көрсетіледі;

профилактикалық екпелер;

2020 жылға дейін амбулаторлық-дәрілік қамсыздандырылуменамбулаторлық-емханалық көмек. 

Медициналық көмектің барлық басқа түрлері ақылы негізде көрсетіледі. 

ӘМСҚ-ғааударымдар мен жарналармөлшері

жұмыс берушілердің аударымдары: 2017 жылдың шілде айынан бастап 1%; 2018 жылдан бастап 1,5 %; 2020 жылдан бастап 2%; 2022 жылдан бастап 3%;

қызметкерлердің жарналары: 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан бастап 2%;

2017 жылдан бастап ЖК, жеке нотариустар, кірістен шарт бойынша табыс алушы жеке тұлғалар жарнасы, 2 ЕАЖ 5%аз емес;

Жұмыс күшінің (өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтушы) құрамына кірмейтін тұлғалардың жарнасы – 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 1 ЕАЖ-дан 5%;

Мемлекет халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 3,75 %, 2019 жылдан бастап 4%, 2022 жылдан бастап 4,5%, 2025 жылдан бастап 5% қаржы бөледі. 

Бұдан басқа, қызметкерлердің әрқайсысының жалақысынан 2019 жылдан бастап 1%, ал 2020 жылдан бастап 2% алынады және бұл сома одан кейін өспейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға, жеке кәсіпкерлер сақтандыруға – өз табысынан 7% төлейді. Олардың төлейтін сомасы да  кезең-кезеңмен өсіп отырады. Атап айтқанда: 2017 жылы - 2%, 2018 жылы - 3%, 2019 жылы – 5% және 2020 жылдан бастап 7%-ға дейін жетеді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі