6 мамыр күні республикамыздың құрметті энергетигі, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, «КСРО энергетиктері үздігі» белгісінің иегері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Ақмола ЭҮК» АҚ ардагері Анатолий Васильевич  Валюженичтің туғанына 80 жыл толады.

Орал политехникалық институтының энергетикалық факультетін аяқтап, бөліп орналастыруға байланысты Төменгі Тагил қаласындағы «Уралвагонзауытта» үш жылдық жұмысты өтеген соң, А.В. Валюженичтің отбасы 1964 жылдың басында тұрақты орналасу мақсатында Целиноград қаласына көшіп келеді.

1964 жылдың ақпан айынан бастап Анатолий Васильевичтің еңбек қызметі «Целинэнерго»  ӨБ-дегі диспетчерлік қызметтен басталады. Кейіннен ол аға диспетчер, 1968-1986 жылдар аралығында ОДҚ бастығы қызметтерін атқарады. Дәл осы «жаппай электрлендіру кезеңі» тұсында Солтүстік Қазақстан энергия жүйесінің қалыптасуы жүріп жатты. Оның құрылуына А.В. Валюженичтің энергия жүйесінің басты оперативтік жетекшісі ретіндегі қосқан үлесі мол еді.

Бұл уақытта ЛЭП-110-220 кВ құрылысы жүзеге асып, қайта құрылған Целин өлкесіндегі негізгі қуат көздері – Целиноград ЖЭЦ-2 және Петропавл ЖЭЦ-2 іске қосылып жатқан еді. ОДҚ қызметкерлері жаңа энергия нысандарын заманауи іске қосуды қамтамасыз ету және бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмысқа көп еңбек сіңірді. Одан кейінгі минижүйелік ЛЭП-220 кВ құрылысы мен оларды Оралдың біріктірілген энергия жүйесіне параллельді жұмысына қосқан уақытта, сонымен қатар Қазақстандағы алғашқы  ЛЭП-500 кВ – «Ермак-Экибастуз-Целиноград—Есиль-Сокол-Троицкая ГРЭС», «Екібастұз-Көкшетау-Қостанай» және «Көкшетаулық»  1150/500/200 кВ  қосалқы станциясын құруда оларды пайдалануға беруде А.В. Валюженичтің жетекшілігіндегі «Целинэнерго» ОДҚ-ның сіңірген еңбегі көп еді.

1986 жылдан бастап А.В.Валюженич ӨТБ бастығы қызметіне ауысты.

«Целинэнергоны» қайта түзгеннен кейін және энергетикалық саланың нарықтық шарттарда жұмыс жасауға ауысқан сәтінен бастап «АЭҮК» АҚ жанынан коммерциялық диспетчерлік қызметті құру қажеттілігі туындады. Оның міндеті энергия көздерінен электр энергиясының жеткізіліп тұруын және энергияның тұтынылуын бақылау еді. Аталмыш қызметті жасақтау және тікелей жетекшілік ету А.В. Валюженичке тапсырылды. «АЭҮК» АҚ ОДҚ бастығының орынбасары қызметін атқара келе, Анатолий Васильевич «АЭҮК» АҚ жанынан меншікті ОДҚ-ны құру ісіне айтарлықтай үлес қосты.  Кейіннен бұл ОДҚ 2011 жылдың 1 наурызынан бастап қызмет етті.

2010 жылға дейін, лайықты демалысқа шыға отыра, «АЭҮК» АҚ пресс-секретарі қызметін атқаруды жалғастырды.

Анатолий Васильевич техникалық тұрғыда ғана сауатты инженер-энергетик емес, сонымен қатар – шығармашылық адамы. Владимир Маяковскийдің табынушысы ретінде ол Брик отбасы мен ақын шығармашылығын зерттеуге көптеген жылдарын арнады. Оның жұмыстары әртүрлі уақытта Ресей мен Қазақстанның әдебиетті зерттеуші басылымдарында жарияланып отырды. 

1993 жылы оның «Осип Брик. Материалы к биографии» атты алғашқы кітабы жарық көрді. 2006-2015 жылдар аралығында «Пятнадцать лет после Маяковского» - «Лиля Брик — жена командира» және  «Последние годы Осипа Брика»атты дилогиясы жарық көрді. Дилогияда мемлекеттік және жеке мұрағаттардан, сирек басылымдардан алынған теңдессіз материалдар пайдаланылған. Белгілі кеңес әдебиет зерттеушісі Андрей Крусановтың пікірінше, «А. Валюженич – осы саладағы жалғыз маман бола отыра, бриктануды гуманитарлық ғылыми білім берудің жеке саласы ретінде жасаған алғашқы адам». 

Ардагерді мерейтойымен шын жүректен құттықтай келе, мол денсаулық және шығармашылықта жаңа табыстар тілейміз!

Владимир БАРАНОВ,
«АЭҮК» АҚ Бас директорының кеңесшісі.