Целиноград ауданының Ақмол ауылында ағынды суларды ағызып жіберу мәселесі бойынша облыстық кеңес өтті.

Ол жерде Аршалы, Қорғалжын және Целиноград аудандары  елді мекендерінің, сонымен қатар автокөлік жолдары мен гидротехникалық құрылыстардың ағынды суларды ағызуға қатысты әзірлік мәселелері талқыланды. Кеңеске ТЖ мен экология бойынша облыстық департамент, Есіл бассейндік инспекциясы, «АЭҮК» АҚ, «Қазгидромет», табиғи қорлар, көлік басқармалары өкілдері, аудан және ауыл әкімдері, сонымен қатар су тасқынына әзірлік іс-шараларына қатысушы аудан кәсіпорындары мен ұйымдарының жетекшілері қатысты. Кеңес қатысушылары тарапынан алдағы уақытта орын алатын су тасқынына елді мекендердің, автокөлік жолдарының, гидротехникалық құрылыстардың, инженерлік және су тартқыш техникалардың әзірлік мәселелері, сонымен қатар инертті және жанар-жағар май материалдары мен ыдыс-қаптардың болуы талқыланды. Аталмыш бағытта жасалған жұмыс туралы Аршалы, Қорғалжын және Целиноград аудандарының әкімдері баяндады.

«Казгидромет» болжамдарына сәйкес, ағынды суларды ағызып жіберу уақыты сәуірдің 6-10 аралығы болады деп болжануда.

http://dchs.akmol.kz/ Ақмола облысы ТЖД сайтының материалдары бойынша

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі