«АЭҮК» АҚ ауданаралық бөлімшелерінде өткен аймақтық жарыстарда екі бірінші орынды иеленген командалар финалға қатысу құқығын иеленген еді. Олар – Атбасар, Қорғалжын, Ерейментау, Жақсын және Есіл аудандық электр жүйелері бригадалары. Аталмыш бригадалар үш күн бойы 10-0,4 кВ үлестіру желілерінің үздік бригадасы атты атауға таласатын болады.

Жарыстар бағдарламасы практикалық тапсырмалармен қатар теориялық тапсырмалардың да орындалуын қарастырады. Жеңімпаздарды анықтаудың басты қағидаты қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын және осы ережелерге сәйкес жарысқа қатысушылардың әрекеттерін білу болып табылады. Тапсырмаларды орындау жылдамдығы да ескерілетін болады. 27 мамыр күнгі жабылу салтанатында жарыстың жеңімпаздары аталатын болады.  

Жарыстар үлестіру желілерінің техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеу жұмыстарын, жұмыстарды қауіпсіз орындау мен қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша тәжірибе алмасуды  жүзеге асыратын қызметкерлердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында  жыл сайын өткізіледі. 

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі