Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ақмола ЭҮК» АҚ-да еліміздің басты мемлекеттік мейрамы – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған жыл сайынғы спартакиада өтті.       Жарыс спорттың төрт түрінен: волейбол, шахмат, үстел теннисі және армрестлинг бойынша өтті. Оған Ақмола, Степногорск, Есіл ААЭЖ және басқарма аппараты командалары қатысты. 

Болжанғандай, жалпы командалық есепте Ақмола ААЭЖ өздерінің күшті екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, жеңіске жетті. Екінші орынды басқарма аппараты споршылары иеленсе, үшінші орынды Степногорск ААЭЖ командасы қанжығаларына байлады.

Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен грамоталармен марапатталды.