Қашан да, «АЭҮК» АҚ қызметкерлері Наурыз мерекесін лайықты қарсы алды. Ең алдымен, кеңсе алаңына тігілген киіз үй, оның айналасындағы қызылды-жасылды ленталармен, шарламен әсемделуінен бастау алды. Мерекелік бағдарлама шығармашылық нөмірлермен және «Нан болса, әнде болады» атты астықтан өнім жасау сайыстарынан, лотерея ойнату, спорттық жарыстардан, сонымен қатар кәсіби әртістердің өнер көрсетуінен  тұрды.

Құттықтау сөз сөйлеген Бас директордың стратегиялық даму және инвестициялық жоспарлау бойынша Бірінші орынбасары Жанна Гислер, Наурыз – табиғатты оятқан, мейіріммен сенімге толы бүкілхалықтық мереке екенін атап өтті.

Мерекелік бағдарламаны дәстүрге айналған «АЭҮК» АҚ  қызметтері және бөлімдерінің қызметкерлері қатысқан, шығармашылық нөмірлерден құралған сайыс ашты. Сайысқа қатысушылар жыл өткен сайын көбеюде, әрі жаңа дарындыларды аша түсуде.

Бұл күні шебер аспаздар астық өнімдері сайысына қатысса, ал спортты жақсы көретіндер үшін гір тасын көтеру, ерлер және қыздар арасындағы арқан тартыстырудан сайыстар өтті.

Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара «АЭҮК» АҚ-ның барлық филиалдарында өтті.