2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақмола облысының тұрмыстық тұтынушылары үшін «ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАБИНЕТІНЕ» тіркелу ашық.

«АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушысының жеке кабинеті тұтынушының дербес шотының жағдайы туралы деректерден тұратын және дербес талданған ақпарат беру процессін қамтамасыз ететін дербес ақпараттық ресурс құруға арналған.

Жеке кабинетке кіруге рұқсат алу үшін сізге компанияның www.arek.kz ресми сайтына тіркелу нысанын толтырып, өтінім беру қажет.

Өтінімді қарағаннан және тұтынушының көрсеткен деректерінің дұрыстығын растағаннан кейін тіркегенде көрсеткен мекенжайға электрондық пошта бойынша жандандыру туралы хабарлама жіберілетін болады. Жеке кабинетке тіркелу Сізге:

  1. Дербес шоттың жағдайы туралы ақпарат алу (ағымдағы кезеңге және өткен 12 айға есептеу мен төлем туралы көшірме);
  2. Айдың 25-інен 30-31-іне дейін есептеу құралдарының көрсеткіштерін беруді жүргізу;
  3. Түбіртекті басып шығару;
  4. Тарифтік калькуляторды пайдалану;
  5. Тұтынған электр энергия үшін онлайн-төлем жүргізу мүмкіндіктерін береді.