Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында «АЭҮК» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ортбасылық күн өтті.

Іс-шара «АЭҮК» АҚ Бас директоры Наиль Сайфуллиннің компания үшін қызметкерлеріміздің денсаулығы мен өмірін сақтау аса маңызды екені айтылған бейнеүндеуімен басталды. Егер барлық қызметкерлер өз орындарында еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындайтын болса, жарақат алудың деңгейін қысқартуға болады.

Сосын еңбек қауіпсіздігі саласында үздік қызметкерлерді құрмет грамоталарымен және құнды сыйлықтармен марапаттау болды. Олардың ішінде: энергетика ардагері, аға жедел диспетчер Федоров Владимир Васильевич, Қоянды МУС мастері Сагынган Ганбат, Шортанды АЭЖ қосалқы станциялар тобының басшысыДемьянов Евгений, БұландыАЭЖ  Карамышевск МУС Фрицлер Александр, Жақсы АЭЖ  Ишимск МУС электрмонтері Кирпа Александр, «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС қызметкері Касенов Арман, Қорғалжын АЭЖ  Сабынды МУС мастері Мукашев Болат, Сандықтау қосалқы станция тобының  электрслесарі Швецов Сергей.

Мұнда қызметкерлер балаларының арасында өткен «Балалар көздерімен еңбек қауіпсіздігі» балалар шығармашылығы конкусының қорытындысы шығарылды. Конкурсқа суреттер, ағаштан, қағаздан, күріш дәндерінен қолшеберлері және бір эссеұсынылды. Екі бірінші орынды Дария Ахат (4 жас) және Отеген Алибек (9 жас) алды.  Екінші орын –  Артыкбаев Ержан (9 жас), үшінші- Мухаммед Амин (6 жас). Конкурстың барлық қатысушылары естелік сыйлықтар алды.

Марапаттау рәсімінен кейін балалар «Тұрмыстағы электр қауіпсіздігі» мен «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» анимациялық бейнероликтерді рақаттана көрді  және бейнефильм негізінде құрылған викторина сұрақтарына жауап берді.

Отбасылық күн шай ішумен және ескерткішке фотографияға түсумен аяқталды.  

«Балалар көздерімен еңбек қауіпсіздігі» конкурс компанияның барлық бөлімшелерінде өтті.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі