Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісі күні аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында «АЭҮК» АҚ бөлімшелерінде жұмысшылар әулеті, еңбек ардагерлері және жас мамандар өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Еңбек әулеттері кез келген ұжымның алтын қорын құрайды: олар ұрпақтар сабақтастығына және отбасының қоғамдағы рөлінің күшеюіне баға жетпес үлес қосады. «АЭҮК» АҚ аудандық филиалдарында бүгінде Шатило, Дяченко, Плахотник, Кулинич,  Михайленко, Шишов және тағы да басқа жұмысшылар әулеттерінің өкілдері еңбек етуде.

Бұл тізімде Астрахань ауданының тумалары Путинцевтер әулетін ерекше атап өткен жөн. Бұл әулеттің отағасы Путинцев Андрей Степанович ЭБЖ-мен қызмет көрсету бойынша электромонтер болып 40 жыл еңбек етті. Қазіргі таңда Андрей Степанович құрметті демалыста, ал осы үлкен отбасының қалған бес мүшесі әлі күнге дейін Астрахань ауданының электр жүйелерінде қызмет етуде. Шортанды ауданының тумалары Саханенко әулеті де энергетиктермен танымал.

Осы адамдардың барлығы өз кәсібилігімен, жұмысқа көңіл бөлуімен және өз ісіне деген адалдығымен шынайы құрмет тудырады. Мейрам иелеріне бағалы сыйлықтар табыстырылды.

 

   ПЕНЬКОВА Валентина,

  «АЭҮК» АҚ кәсіподақ төрағасы