«ОАЭК» АҚ компаниясының тобы Нұрсұлтан Назарбаевты және барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтайды.

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ компаниясы тобының ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Бұл күн жалпы гүлдену мен экономикалық прогресс жолында Елбасының халықпен бірлігін білдіреді.

Елбасы құқық бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалаушы болып табылады. Оның еркін шешімдерінің арқасында елімізде жаһандық экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды.

Қазақстанда өткен «Болашақ энергиясы» тақырыбына «Expo-2017» халықаралық көрме, сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ҚР Үкіметімен өткізілген Қазақстандағы энергияның балама көздерін енгізу бойынша кешенді жұмыстар  одан әрі елімізде  ЖЭК дамыту үшін байсалды қарқын берді. Сонымен, «Expo-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеде тұсауы кесілген жобаларды іске асыру аясында «ОАЭК» АҚ Ақмола облысындағы  еншілес компаниясы «ОАЖЭК Green Energy» ЖШС қуаты 100 МВт «Астана EXPO-2017» бірегей жел электр станциясы салынды.

«ОАЭК» АҚ Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастаған курсын жалғастыруға және республикада экологиялық параметрлерді жақсарту  мен электрмен жабдықтауды тұрақты дамыту мақсатында дәстүрлі әрі балама энергетиканы дамытуға ниетті.

Біз елімізге гүлдену мен жаңа жетістіктерге жетуді, сондай-ақ, әрбір қазақстандыққа денсаулық пен жақсылық тілейміз!

Ізгі тілекпен, Александр Клебанов, Сергей Кан және «ОАЭК» компаниясы тобының мыңдаған ұжымы!

Анықтамалық:

«ОАЭК» АҚ – тігінен интегралды жеке энергетикалық  компания. Қазақстан өңірінде еншілес кәсіпорындары «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және  «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ электрмен жабдықтау: генерация, тасымалдау және сатудың барлық звенолары кіреді. Нұр-Сұлтан қаласында «ОАЭК» АҚ «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС, Ақмола облысында   «Ақмола ЭҮК» АҚ сату құрылымдарын бақылайды.