«ОАЭК» АҚ компаниялары топтары кәсіпорындарында Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күніне арналған еңбек қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар жас мамандардың конкурсымен аяқталды. Конкурс павлодарлық «Космос» мәдениет үйінің сахнасында өтті және «Бәрінен бұрын - қауіпсіздік!» тақырыбына арналды.

Корпорацияның еншілес ұйымдарын көрсеткен төрт команда  еңбек қауіпсіздігі саласында ең үздік атау құқығы үшін күресті. Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және денсаулық тәрізді маңызды тақырыпты  әрқайсысы өзінше жарқын әрі тапқырлықпен  ұтымды ойнады.

Күрес нәтижесінде «ОАЭК чемпионы» «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «Bez Pravil» атты командасы  алды. «АЭҮК» АҚ «Пристоличный свет» командасы «Ең жігерлі команда» атын иеленді. Конкурстың ең музыкалдық командасы «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС - «Мощность» командасы, ал көрермендердің ұнату сыйын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ шыққан «SevKaz» командасы алды.

Жеке номинацияларда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ командасынан Елена Корпачева «ОАЭК» алтын дауысы», Олеся Луговенко -  «Компания жаны» атағын иеленді,  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Амир Какенов конкурстың ең үздік капитаны болды. 

«ОАЭК» АҚ қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология департаментінің директоры Руслан Зинатулиннің айтуынша Корпорация барлық кәсіпорындарының қызметінде өндірістік қауіпсіздік басымдық бағыт болып табылады, ал осындай іс-шаралар барлық қызметкерлердің назарларын еңбек қауіпсіздігінің өзекті тақырыбына акцент қоюға мүмкіндік береді.

Бұл күні «ОАЭК» АҚ кәсіпорындарының ТҚжЕҚ бойынша ең үздік қызметтер марапатталды. Бірінші орын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, екінші - «Петропавловские тепловые сети»,  үшінші   - «АЭҮК» АҚ алды. 

«АЭҮК» АҚ   «Пристоличный свет»  командасының құрамында:

Луговенко Олеся – «АЭҮК» ҚОҚС  бастығы

Сулейменов Даурен  - «АЭҮК» АҚ ӨТҚ  бастығының орынбасары

Бастенов Бахтияр – «АЭҮК» АҚ ЭТҚ МжКУ экономисі

Калмуратов Багдат –Ақмола ААЭЖ ҚСС электр слесарі

Зилгарин Марат – Ақмола ААЭЖ ҚСС жетекші инженері

Кыдырбеков Еламан – Ақмола ААЭЖ РМС-2 ҚСС электр слесарі

Бейсембеков Санжар – Ақмола ААЭЖ АКжСОСҚ инженері

Құттықтаймыз!

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі