Ұзақ жану қазандығы — бұл жұмыс істеу мүмкінді отынның бір айналым  8-ден 72 сағатқа дейін болатын жылыту жүйесі ерекше конструкциясы. Жабдықтың жұмысының негізі отынды жоғарыдан төменге қарай жағу принципі отынның минималды шығынын қамтамасыз ету және жылу беру ұзақтығын арттырып реттелетін ауа беру болып табылады.

Ұзақ жану қазандықтары әр түрлі үй-жайларды жылытуға арналған және халық арасында жоғары сұранысқа ие. Қазақстанда ұзақ жану қазандықтарын пайдалануын реттейтін арнайы заң жоқ.  Жабдықты орнату және қосу кезінде қазандықтарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелеріне сүйену керек. Сондай-ақ қазандық орналасқан орын-жайларда табиғи жарықтандыруы және желдетуі бар жеке орын-жаймен қамтамасыз ету керектігі айтылған, төбелердің ең төменгі биіктігі 2,5 метрді, ауданы кемінде 4 шаршы метрді және қазандыққа жақын жерде бөгде заттардың болмауы керек екендігі қарастырылған жалпы талаптар бар.

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану ережесінде көрсетілгендей энергиямен жабдықтаушы компания тұтынушының жылу жүйесіне қойылатын талаптарды қоймауы тиіс.

Сондықтан, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ техникалық шарттарды беру кезінде объектілерде ұзақ жану қазандар орнату үшін тоқтаусыз қоректендіру көзін автоматты басқару жүйесіндегі қазандықты қолдану ұсынады.

«Жылыту жүйесін электр қуатының кенеттен сөнуіне байланысты қатып қалудан, қызып кетуден және сынудан қорғау үшін үздіксіз қуат көзін орнату қажет. Соның арқасында жылу жүйесінің жұмысы үзілмейді. Жабдық сенімді қалпында қалады» - деп атап көрсетті үлестіру желілері қызметінің бастығы Алмас Омаров.  

Қазандық жоғары қауіптің көзі екенін түсіну маңызды. Балаларды қазандыққа жібермеу, қыздыру үшін жанғыш заттарды қолданбау, автоматиканы тексеру қажет болса қуатты өшіру керек деген сияқты негізгі ережелерді сақтаған дұрыс.

Қазандықтарды пайдалану кезінде алдын алу шаралары туралы ұмытпаңыз. Бұл шаралар - жыл сайынғы техникалық тексеру, жүйедегі қысым мен су деңгейін үнемі тексеру. 

СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА!

ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!