«ЭКСПО-2017: болашақ энергиясы» атты балалардың шығармашылық конкурсы аяқталды. Онда биыл жазда Астанада Халықаралық көрмеде болған «АЭҮК» АҚ мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің балалары қатысты. Ең кішісі 5 жаста да ең ересегі 16 жаста болды. Олар Ақмола облысының түпкір-түпкірінен, әртүрлі мектептер мен сыныптарды оқиды, алайда олардың бәрін шығармашылықтарында көрсеткендей өз елдеріне деген патриотизмдері мен махаббатарының зор сезімі біріктіреді.  

Қазылар алқасы мүшелерінің дауысы қорытындылары бойынша эссе жеңімпаздары Астанадан Сериков Аманжол (11 жас) және Степногорсктен Кудрявцева Светлана (16 жас).  Қолшебері конкурсында Шортандыдан Лебзек Злата (16 жас) бірінші болды, сурет конкурсында бірінші орынды Сандықтаудан Бебешко Нина (16 жас), Степногорсктен Жарова Алена (14 жас) және Шульга Екатерина (9 жас) алды. 

Балалар шығармашылығы кнокурсының жеңімпаздары мен қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ақкөлден Алимова Рамиляға конкурстың ең кіші қатысушысы ретінде сыйлық табысталды.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі