Сәуір айында  «АЭҮК» АҚ-да өткен жөндеу кампаниясына бригадаларды, қызметтермен телімдерді дайындау және атестаттау жөніндегі тексеріс айлығы нәтижесі бойынша, жөндеу компаниясына дайындық акт-куәлігін 116 бригадалардың 114-і алды.

Шара жыл сайын өтеді және сәтті әрі апатсыз жұмыс жүргізу үшін бригадаларды, қызметтер мен телімдерді дайындау жоспарындағы аяқталмаған жұмыстар мен кемшіліктерді  анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Жөндеу компаниясының дайындық бағдарламасы еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздіктің барлық негізгі аспектілерін қамтиды:

- ТҚЕ, ТПЕ мен ӨҚЕ бойынша білімдерін тексеру кестесін үзбеу, жаттығуларды, нұсқаулықтарды уақытылы өткізу, дәрігерлік тексерістен өту;

- қызметкерлердің орындаған жұмыстарының біліктілікке сай болуы және дайындалуы;

- электр сызбасының болуы және білу, көрсетілген қиылысуы, жақындауы және өзге де қауіпті факторлардың, сызбаның желілердің нақты жағдайына сай болуы;

- оқыс жағдай орын алған сәтті дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге тәжірбиелік дағдылардың болуы;

- автокөлік бригадасының техникалық жағдайының тексеру, оларда қорғаныс құралдары, саймандар және жабдықтар тасымалдауға арналған қобдишалардың болуы;

- сынаудан өткен қорғаныс құралдары, саймандар және жабдықтар бригадаларының жиынтықталуын және болуын тексеру; 

- арнайы машиналар мен механизмдердің техникалық куәландыруларының бар болуын тексеру;

- бригадаларды арнайы киім және аяқ киіммен, дәрі қобдишасымен қамтамасыз ету;

- алғашқы өрт сөндіру құралдарының техникалық жағдайы және бар болуы.