«АЭҮК» АҚ қызметкерлері Ақмола облысы Целиноград ауданы Шұбар ауылында 6 км жаңа әуе желісін салуда.
Жоба аясында 290 тірек және 3 жиындықталған трансформаторлық кіші станция орнатылды. Қазіргі таңда Целиноград АЭЖ бригадасы сымдарды созу және бекіту жұмыстарын жүргізуде.
Желіні жылыту маусымының басталуымен пайдалануға беру жоспарлануда. «АЭҮК» АҚ жыл сайын өзінің энергетикалық объектілерін жаңарту бойынша жұмыс жүргізеді. Шұбар ауылын электрмен жабдықтау 35/10 кВ «Қоянды» кіші станциясынан жүзеге асырылады. Жаңа ЭБЖ құрылысы ауыл тұрғындарының электр энергиясына деген ағымдағы қажеттілігін өтейтін болады.