«АЭҮК» АҚ Электртехникалық қызметтің жетекші инженері Ростислав Григорьевич Пашкевичті құрметті демалысқа шығарып салды. Биылғы жылдың 1 қазанында Ростислав Григорьевич 80 жасқа толады! Осы оқиғаға арналған салтанатты жиналыста компанияның Бас директоры Наиль Сайфуллин оны құттықтады және ардагерге көп жылғы еңбегі мен кәсібіне адалдығы үшін алғыс сөздерімен Құттықтау хатын табыс етті.

Ростислав Пашкевич еңбек жолын кәсіби-техникалық училищені тамамдағаннан кейін 1958 жылы электрик болудан бастады. Бұдан әрі ол таңдаған энергетика кәсібін өзгерткен жоқ. Әскери қызметін өтегеннен және Целиноград ауыл шаруашылығы институтының электр техникалық факультетін тамамдағаннан кейін 1969 жылы «Целинэлектросетьстрой» трестісінің № 56 мехколоннасына  мастер ретінде қабылданды. Содан кейін құрылыс-монтаж учаскесінің прорабы, бастығы болып жұмыс істеді.

Ростислав Пашкевич Солтүстік Қазақстанды электрмен жабдықтау бойынша жобаларға тікелей қатысты. Оның есебінде салынған электр жүйелерінің бір ғана жүздеген шақырымдар емес, оның қатысуымен бүгінгі күнге дейін пайдаланымдағы 0,4/110 кВ ЭБС салынған. Ростислав Пашкевичтің басшылығымен көптеген тірек ҚС-110 кВ және аудандық электр жүйелерінің базаларында орнықты радио байланысты қамтамасыз ету үшін биік радио мачталар орнатылған.  

Техника жағынан сауатты әрі бір беткей жас инженерді «Целинэнерго» ӨЭЖ бірден байқады да 1975 жылы Пашкевичке бірлестік құрамына кіретін Целиноград электр жүйелері кәсіпорынына жаңадан құрылған күрделі құрылыс бөлімін басқару ұсынылды. Бес жылдан кейін ЭБС қызметінің бастығына ауыстырды, осы лауазымда ол 36 жыл қызмет атқарды. 2016 жылы бұрыннан зейнеткер Ростислав Пашкевич «АЭҮК» АҚ электр техникалық қызметтініңжетекші маманы болып ауыстырылды.

Ардагердің жалпы еңбек өтілі 60 жылды құрайтын көп еңбек жолында, бірнеше құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен, соның ішінде жұмыс процесiн ұтымды етуге үлес қосу ұсыныстарын енгізгені үшін де марапатталды. 1988 жылы Ростислав Григорьевичке «Еңбек ардагері» медалі берілді, ал 2011 жылы ТМД Құрметті энергетигі құрметті атағы берілді.  

«АЭҮК» АҚ ұжымы  Ростислав Григорьевичті мерейтойымен құттықтайды, оған зор денсаулық, көтеріңкі көңіл және нық сенім тілейді!  

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі