Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні (World Environment Day) БҰҰ белгіленген және жыл сайын 5 маусым күні аталып өтеді, барлық экологтар мен табиғатты қорғау ұйымдары үшін қоршаған орта проблемаларына әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған саяси мүдде мен тиісті әрекеттерді ынталандыру болып табылады.

Экология саласында «АЭҮК» АҚ қызметінің негізгі бағыттары объектілер құрылысы, қайта жаңарту және пайдалануда, жабдықтарды, механизмдер мен көлік құралдарын пайдалануда, өндірістің барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға келеңсіз әсерді азайтуда, кәсіпорында экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауда қоршаған ортаны ластауды болдырмау болып табылады. Экология саласындакомпания қызметі қазақстандық заңнамамен және ішкі нормативтік актілермен реттеледі, бұл ретте «АЭҮК» АҚ белгіленген талаптарды ғана емес, озық халықаралық стандарттарға сәйкестігін сақтауға тырысады. 2018 жылы TÜV Rheinland Inter Cert сертификациясы бойынша органмен расталған «Сапа менеджментінің жүйесі» ISO 9001:2015, «Экологиялық менеджменттің жүйесі» ISO 14001:2015, «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйесі» OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сертификациялық аудитті табысты өтті. 

«АЭҮК» АҚ құрылыс және қайта жаңарту бойынша жобалар  қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама өтуді енгізетін «Қоршаған ортаға әсер бағасының» міндетті тарауын енгізеді.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында компания қызметкерлеріне, қоршаған ортаға және халыққа зиянды/қауіпті факторлардың әсерлерін төмендету бойынша шаралар қолданылады.  Қоршаған ортаны қорғау және қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен қамтылған объектілерде табиғатты қорғау іс-шараларын орындаужағдайларынжоспарлы тексеру жүргізіледі.

ҚР Экологиялық кодексін сақтау мақсатындакомпания басшылығымен бекітілген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары мен Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) бағдарламасын компаниямен жыл сайын орындау қамтамасыз етіледі. ӨЭБ өз кезегінде өндіріс зияндылығын төмендету және технологиялық процесстердің ресурты сыйымдылықты азайту үшін оңтайлы жағдайларды қалыптастыру қарастырады.

Компания қызметкерлері іргелес аумақтарды тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша сенбіліктерге белсенді қатысады.

Оқыту орталығы базасында компания қызметкерлері үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша әрдайым дәріс жүргізіледі.Жұмысқа қабылдағанда қоршаған ортаны қорғау бойынша кіріспе нұсқаулық жүргізіледі.

Олеся ЛУГОВЕНКО,
қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы