Еңбекті қорғаудың бүкіл әлемдік күні қарсанында қарсанында «АЭҮК» АҚ келесі іс-шаралар өткізіледі:

2018 жылдың 02-20 сәуірі –  «Бала көздерімен еңбекті қорғау» балалар шығармашылығының  конкурсы

Конкурсқа «АЭҮК» АҚ қызметкерлерінің 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалары/немерелері қатыса алады. Шығармашылық шығармалар (суреттер, өлеңдер немесе қол өнерлер) ата-аналарының жұмыс орындарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне арналған болуы керек.

2018 жылдың 24 сәуірінде сағат 15-те үздік шығармашылық шығармалардың авторлары марапатталады. Өткізу орыны Ақмола ААЭЖ акт залы.

2018 жылдың 24 сәуірі – Қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың отбасылық күнін   өткізу

Ата-аналарының қостауымен, «АЭҮК» АҚ қызметкерлерінің 7 жастан 12 жасқа дейінгі балалары мен немерелері қатыса алады. Іс-шараға қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін персоналмен жұмыс бойынша бөлімде қабылданады. «ҚжЕҚ отбасылық күнін» өткізу орыны Ақмола ААЭЖ акт залы. Басталуы сағат 15-те.

Іс-шара бірнеше блоктан тұрады:

1) Баланың әкесі/анасы (атасы, әжесі) жұмыс жасайтын кәсіпорын туралы тұсаукесерді немесе бейнероликті көпшілікке паш ету;

2) «Тұрмыстағы электр қауіпсіздігі», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыптарына слайдтар мен бейнероликтер көрсету;

3) Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі бойынша балалар конкурсын өткізу. Балаларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігіне арналған сұрақтар оқылады.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі