1986 жылдың 26 сәуірінде атом электр станциялары арасындағы тарихтағы ірі апаттардың бірі – Чернобыль АЭС-тің 4-энергоблогындағы апат орын алған еді.

Нәтижесінде атомдық реактор толыққанды қирады. Қоршаған ортаға радиоактивтік заттар бөлініп, пайда болған бұлт оларды Украина, Белоруссия және Еуропаның бірқатар мемлекеттері аумағына таратып жіберді. 60 км радиустағы аумақ радиоактивтік ластануға ұшырады. ЧАЭС-та орын алған апатты жою мақсатында Кеңес Одағының барлық республикаларынан 600 мыңнан аса азамат көмекке тартылды. Олардың арасында «Ақмола ЭҮК» АҚ қызметкерлері де бар:  

В.П. Чернокоз – Бас директордың үлестіру бойынша орынбасары

С.В. Дубинец – АААЭЖ РҚА қызметінің бастығы

А.Ф. Федорец – ААЭЖ ЭБЖ электромонтері

Н.И.Вороненко – зейнеткер (Атбасар АЭЖ)

А.М.Табашнюк – ҚСТ ЖЖБ электромонтері (Аршалы АЭЖ)

А.Б.Снадин – СААЭЖ ҚжЕҚҚ бастығы

Л.Л.Мацюк – ЖТ-ны пайдалану бойынша электромонтер (Ақкөл АЭЖ)

Н.Г.Рангно – күзетші («АЭҮК-Энергосбыт»ЖШС Аршалы бөлімшесі)

Қызметкерлердің, ғалымдардың, әскери қызметкерлердің және еріктілердің батырлығы мен қайсарлығының арқасында апаттың одан да жан түршігерлік зардаптарынан құтылу мүмкіншілігі туған еді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі