«АЭҮК» АҚ ағымдағы жылдың 4 мамырынан 6 мамырына дейін «ОАЭК» АҚ компаня тобының қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың (ҚжЕҚ) оныншы өзара аудиті өтті. Холдингтің еншілес компаниясының делегациясы «Гарден Вилладж» қосалқы станциясын, Степногорск ААЭЖ және «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС қосалқы станциясына болды.
Іс-шара мақсаты – бұл Холдингтің еншілес ұйымдары арасында ҚжЕҚ жағдайы мен қоршаған ортаны басқару жөнінде өзара әрекет регламентін сақтау мониторингісі. Аудит аясында өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жағдайлары тексеріледі.
Аудиттің басталуы алдында қатысушылармен «АЭҮК» АҚ бас директоры Александр Павлов жолықты. Ол компанияда ҚжЕҚ жұмысымен қысқаша таныстырды және тәжірибе алмасу бойынша жемісті жұмыс тіледі.
Келген делегация құрамына қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің, «ОАЭК» АҚ экологиясының, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармаларының басшылары мен мамандары кірді.
Іс-шаралар аясында қауіпсіздік ережелерін сақтауды, еңбекті қорғау нормалары мен талаптарын орындауды бақылау бойынша шаралар көрсетілді. Цех аумақтарының санитарлық жағдайына, нормативтік құжаттаманың жүргізілуіне, жабдықтар жағдайына, алғашқы көмек қобдишасының барына және оның жинақталуына да назар аударылды.
Өзара аудит қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениетінің дамуы қажеттілігін, қолданыстағы нормалар талаптарына сәйкес өндірісте жазатайым жағдайларды, апатты болдырмау көрнекті көрсетілді. Аудит процессінде анықталған ескертулер өндірістік міндеттерде есепке алынатын болады.
Өзара аудиттер өткізу 2017 жылы «ОАЭК» АҚ экологиясының, қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің бастауымен дәстүрге айналғанын еске саламыз. Осы практика жалпы проблемалық мәселелерді талқылауға болатын және оларды шешу бойынша шараларды өз істерінде көрсететін платформа сапасында ұсынады. Осындай іс-шара сондай-ақ, Холдинг кәсіпорындарының қызметкерлері арасында өзара байланысты жақсартуға көмектеседі.