1 мамырда Қазақстан мемлекеттік мейрамдардың ең негізгісі – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелейді. Бұл 150-ден аса ұлттар мен ұлыстар тұрып жатқан ел үшін бейбітшілік, ынтымақ және келісім мейрамы болып табылады. Осы халықтардың әрқайсы ерекше, ал барлығы бірігіп Қазақстанның ынтымағы жарасқан біртұтас халқын құрайды. 1 мамыр мейрамының мән-мағынасы осында.
Құрметті, достар! Осы нұрлы мерекеде әр отбасына, әр шаңыраққа бақыт, жақсылық пен мейірімділік, амандық тілейміз!
Қазақстан халқының бірлігі күнімен!
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі