Бірінші мамырды атап өту ХІХ ғасырдың соңынан бастап дәстүрге айналған. 1886 жылдың 01 мамырында көптеген мемлекеттің жұмысшылары сегіз сағаттық жұмыс күнін талап етіп демонстрацияға шықты. Билік демонстрацияшылдарды қатаң жазаға тартты, ал ұйымдастырушыларды өлім жазасына кесті. Осы оқиғаны ескеріп 1 мамыр әлем бойынша еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні болып аталып өтіле бастады, ал кейін – еңбек күні болып аталып өтілді.

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек күні екенін ескере отырып, 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік күні деп, жарлыққа қол қойды. 150 аса ұлттар тұратын мемлекетте, бірінші мамыр – бұл бірліктің, тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің белгісі.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі