Астананың 20 жылдығына орай, «Орталық Азия Электрэнергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы және оның еншілес компаниялары «Экологиялық десант» акциясын ұйымдастырды.
Ақмола облысының аумағында өткен акцияға Целиноград ауданыныңәкімі Мәлгаждар Тәткеев бастаған аудан әкімдігініңөкілдері және «Орталық Азия Электрэнергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» акционерлік қоғамы, «АЭҮК-энергосбыт» және «Астанаэнергосбыт» серіктестіктері тәрізді еншілес компанияларының екі жүзден астам қызметкерлері қатысты. «Экологиялық десант» акциясы барысында Ақмол ауылынан 20 шақырым жердегі Нұра өзенінің жағалауынан жиырма тоннадан астам қатты тұрмыстыққалдықтар шығарылды. Астаналықтар мен жергілікті тұрғындар демалатын өзен жағалауы жыл сайын пластик бөтелке, целлофан пакет тәрізді өзге де қоқыстармен ластанады. Сенбілік барысында «Орталық Азия Электрэнергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамындағы компаниялардыңқызметкерлері Нұра өзенінің екі жақ жағалауын қоқыстан тазартып, шұңқырларды тегістеді. «Тоқта! Қоқыс қалмағанына көз жеткіз!», «Жарамсыз қалдықтарды өзіңмен ала кет!» деп жазылған қалқандар орнатты. «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» акционерлікқоғамының бас директоры Наиль Сайфуллин өз сөзінде еліміздеқоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасы жүзеге асырылып жатқанын, бұл үрдіс қоғамдағы оңөзгерістерді насихаттайтынын, рухани жаңғыруды әркім өзінен бастауы керектігін айтып өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты
19.07.2018 № 84 (18116)-ilovepdf-compressed.pdf