Өмірде көпті көрген – көне көз, даналық пен тәжірибеге тұңып тұрған асыл қазынамыз қарттардан маңыздырақ не болуы мүмкін? 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Мереке құрметіне Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы кәсіпорының ардагерлері мерекелік дастарханда бас қосты. Үлкен үстелдегі кездесу ізгі тілектерімен, өткен оқиғаларымен, күнделікті күйбен-тірлік туралы әңгімелерімен отбасылық мерекеге ұқсас болды.
«Құрметті біздің кәсіпорынның ардагерлері, сіздерге ең маңызды нәрсені шын жүректен тілегім келеді: мықты денсаулық, қуат және жан тыныштығы. «АЭҮК» АҚ бас директоры Александр Павлов: жыл сайын Сіздердің қатарларыңыз толып келе жатқандығы қуантады, өткен жылы біз 602 адамды, биыл – 673 адамды құттықтадық. Біз Сіздерді бағалаймыз және біздің ортақ ісіміздің игілігі үшін жасаған барлық еңбектеріңізге ризамыз - деп атап өтті.
Қарттар күні дәстүрлі іс-шара ғана емес, бұл аға буынның еңбегін еске түсіруге, қарттардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жаңа көзқараспен қарауға тамаша мүмкіндік.