Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және қарттар мен мүгедектер айының шеңберінде Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округінде еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Соның ішінде АЭҮК жүйесінде 45 жыл қызмет еткен Сандықтау АЭЖ электромонтері – Хасан Абаев құрмет грамотасымен марапатталды.

Іс-шараға Сандықтау ауданының әкімі Исмагамбетов Асылбек қатысты. Ол келгендерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтап, оларға көпжылдық жемісті еңбегі мен шынайы отансүйгіштігі үшін алғысын білдірді. Аудан әкімі бір кәсіпорында 30 жыл және одан артық мерзімде қызмет еткен еңбек ардагерлеріне құрмет хаттарын табыстады. Оның ішінде АЭҮК жүйесінде 45 жыл қызмет еткен Сандықтау АЭЖ электромонтері Хасан Абаев та марапатқа ие болды.

Салтанатты марапаттау рәсімі аудандық Мәдениет үйі шығармашылық ұжымы тарапынан ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты. Іс-шара аяқталған соң, Ақсақалдар кеңесінің басшысы Дадаев Хусейн аудан әкіміне, кездесуге келген барлық қатысушыларға білдірген көңілдері мен ұйымдастырылған мереке үшін алғысын білдірді.

Источник: http://infozakon.com/news/regions/6785-v-znak-glubokoy-priznatelnosti.html