«АЭҮК» АҚ-ға 15 жыл!

«АЭҮК» АҚ тарихы өз бастауын Солтүстік Қазақстан аумағындағы тың және тыңайған жерлерді игеруден алған «Целинэнерго» тарихымен тығыз байланысты.

Өткен ғасырдың 50-жылдарының ортасында еліміздің ұшы-қиыры көрінбейтін  жазықтарына мемлекеттің сол кездегі шекараларынан алғашқы тың игерушілер мен техникалардан құралған эшелондар келген еді. Жүздеген жоғары механикаландырылған кеңшарлар құрылды, мыңдаған жабдықталған, бас жоспар бойынша құрылған шаруашылық орталықтары бой түзеді. Бастапқы кездерде олардың электрмен қамсыздандырылуы жергілікті дизельді электр станциялары арқылы жүзеге асты. Алайда көп ұзамай кеңшардағы дизельді электр станциялары өз қуаттылықтарымен де, электр энергиясы сенімділігі және сапасымен де, өздерінің экономикалық көрсеткіштерімен де жедел дамушы ауылшаруашылық аумақтың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Қалалардағы жағдайға да көңіл көншімеді. Целиноградта: қалалық электр жүйелерінде, зауыттарда, теміржол торабында кішігірім электр станциялары, үш энергия пойыздары жұмыс жасады.

«Каззолото» трестін электрмен облыста жергілікті көмір арқылы жұмыс жасайтын екі кішігірім электр станция – Жолымбет және Бөгембай ЖЭС  жабдықтады.

 Күн тәртібінде Қазақстанның тың жерлерінде мемлекеттің жаңа астықты аймағының    электр энергиясына тәуелді жедел дамушы қажеттіліктерін қамтамасыз етуші заманауи, сапалы жаңа энергетикалық базаны құру мәселесі өзектілене түсті.

КСРО Министрлер Кеңесі және КОКП ОК-нің 1961 жылғы 14 ақпандағы қаулысының негізінде мемлекетті орталықтандырылған негіздерден жаппай электрлендіруді жоспарлы жүзеге асыру басталды. Аталмыш қаулымен Тың аймақтың құрамына кіретін облыстарды электрлендіру бойынша мақсатты тапсырмалар қарастырылды. Бұл өз алдына «Целинэнерго» энергетикалық шаруашылықтың аудандық басқармасын (ЭШАБ) ұйымдастыру туралы 1961 жылғы 18 наурыздағы Казақ КСР Министрлер Кеңесі үкімінің жарыққа шығуына ықпал етті. Ол өз қызметін 1961 жылдың 1 шілдесінен бастады.

«Целинэнергоны» құру кезінде оның құрамына бұрынғы Тың аймағының аумағындағы Солтүстік Қазақстанның бес облысында: Целиноград, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодарда орналасқан ұйымдар мен шаруашылықтар кірді. «Целинэнерго» ЭШАБ-тың меңгерушісі болып Левин Вениамин Моисеевич, ал бас инженері қызметіне Анцов Михаил Карловичтағайындалды.

Аталмыш бес облыстағы барлық электр станцияларының жалпы орнатылған қуаттылығы бар-жоғы 43,8 мың кВт, ал 35 кВ және одан жоғары қуаттылыққа ие магистралды электр желілерінің ұзындығы 373 км-ді ғана құрады. Сол уақытқа қарай саны 740-қа жеткен кеңшарлардың энергетикалық базасы әрқайсының қуаттылығы 30-60 кВт құрайтын ұсақ 10 мыңнан аса дизельді электр станцияларынан тұрды. Сол уақытта «Целинэнерго» энергия шаруашылығы бірнеше, локальді үлестіру электр желілері бар бір-бірімен байланыспаған энергия тораптарынан тұрды. Олар өзге негіздерге бірігусіз жақын орналасқан тұтынушыларды энергиямен жабдықтады. Іс жүзінде өз жұмысын жаңадан бастаған «Целинэнерго» бекітілген облыстарда энергия шаруашылығын жоғары қарқынмен дамыта бастады.

1961 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде Целиноград ЖЭЦ-1 және Петропавлов ЖЭЦ-2 бірінші кезектері іске қосылды. Алғашқы турбогенераторлардың іске қосылуы белгіленген шектерде қаланың энергиямен жабдықталуының шиеленісуін азайтты, бұдан бөлек сол уақыттан бері орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге ауысу және көптеген жергілікті қазандықтардың кезеңаралық жабылуы басталды. Бұл өз алдына экономикалық тұрғыда оң нәтиже беріп, қалалардың экологиясын жақсартты.

1964 жылы Целиноград ЖЭЦ-1 өзге энергия жүйелерімен бірге екі тізбекті ӘЖ-220 кВ «Кар ГРЭС-2-Целиноград»бойынша құрылған Қарағанды энергия жүйесімен параллельді түрде іске қосылды. Сол уақытта Целиноград және Жолымбет-Бөгембай энергия тораптарын біріктірген ӘЖ-110 кВ «Целиноград-Шортанды», «Шортанды-Жолымбет-Бөгембай»іске қосылды. «Целинэнергоның» энергия жүйесі ретінде қалыптасуы басталды.

1964 жылдың соңына қарай Қарағанды-Целиноград теміржолын электрлендіруге байланысты ӘЖ-220 кВ  «Кар ГРЭС-2 - Целиноград»жобалық қуаттылыққа ауыстырылды және Целиноград басты төмендетуші қосалқы станциясы (ЦБТҚС) бірінші кезегі іске қосылды. Ол арқылы тек қана «Целинэнерго» үшін емес, сонымен қатар тұтастай Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесіне қатысты маңызды мәнге ие 220-500 кВ электрді берудің магистарлды желілерінің кезекті коммутациясы басталды.

Энергетика шаруашылығының маңызды дамуымен және «Целинэнерго» ЭШАБ құрамынан энергия нысандарын пайдалану бойынша жұмыс көлемдерінің күрт жоғарылауына байланысты екі жаңа энергия жүйесі бөлініп шықты:

-  1966 жылы «Павлодарэнерго»ЭШАБ,

-  1968 жылы «Кустанайэнерго»ЭШАБ.

Барлық қуаттағы магистралды және үлестіру электр желілерінің жаппай құрылысы тың жерлер аумағын орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесін қамтуды біршама кеңейтті.

Осылайша, «Целинэнерго» қызмет көрсету аумағы бойынша барлық тұтынушыларды энергия жүйесіне қосу арқылы жапай электрлендіру аяқталды:

-  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 1967 жылы,

-   Көкшетау облысы бойынша 1973 жылы,

-   Целиноград облысы бойынша 1976 жылы.

Облыстарды жаппай электрлендіру жоспарын жүзеге асыру кезінде жаңаша техникалық шешімдер қабылданған еді: төмендетуші жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияларды және ауылдық электр желілері құрылысының ағымдық әдісін енгізу.   

1970 жылдың қарашасында Қазақстандағы алғашқы ӘЖ-500 кВ пайдалануға берілді. Ол Целиноград энергия ауданын қуатты Ермак ГРЭС-імен байланыстырып қана қоймай, Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің қалыптасуына негіз болды. Целиноград басты төмендетуші қосалқы станциясында алғашында бірінші, кейіннен екінші әрқайсының қуаттылығы 500 мВа құрайтын 500/220 кВ автотрансформаторлық топтары іске қосылды.

1977 жылы жаңа ӘЖ-500 кВ «Целиноград-Есиль-Сокол»(тапсырыс беруші «Целинэнерго») іск қосылды және Қазақстанның БЭЖ осы тұрақты байланыс арқылы КСРО Бірыңғай энергетикалық жүйесімен параллельді жұмысқа қосылды. Осылайша, Целиноград БТҚС арқылы Урал – Қазақстан – Сібір 500 кВ магистралі салынды.  

Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтарын орталықтандырылған электрмен жабдықтауды дамыту үшін Тың теміржолын: Целиноград –  Қарағанды, Целиноград – Атбасар – Есіл, Целиноград – Екібастұз, Целиноград – Көкшетау – Петропавлов, Көкшетау – Пески Целинныеэлектрлендірудің маңызы жоғары еді. Ол үшін магистральді ӘЖ-220 кВ, тартымдық қосалқы станциялар құрылды. Олардан жергілікті, көбіне ауылшаруашылық тұтынушылар қуаттандырылды.

1980 жылы 80 мВт турбогенераторы бар Целиноград ЖЭЦ-2 І кезегі пайдалануға берілді. ЦЖЭЦ-2-тің іске қосылуы Целиноградтың сыртқы негіздерден энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қалаға сенімді жылу көзін сыйлады. Оның ЦЖЭЦ-1-мен бірге жылу желілеріне қосылуы тұтынушылардың жылумен жабдықталуы сенімділігін айтарлықтай арттырды.

1980 жылы «Целинэнерго» ЭШАБ Өндірістік-энергетикалық бірлестік болып өзгерді (ӨЭБ, 1988 жылы – Энергетика мен электрлендірудің өндірістік бірлестігі (ЭмЭӨБ), ал 1995 жылы – Целинный энергетикалық жүйесінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Целинэнерго» ЦЭЖ РМК). Ол өз тіршілігін бастағаннан бастап 35 жылға дейінгі аралықта – 1996 жылдың 23 қыркүйегіне дейін жұмыс жасады.

«Целинэнерго» бірлестігінің қызмет көрсету аумағына 1990 жылдардың алғашқы жартысында Целиноград, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді. Іс жүзінде облыстағы барлық нысандар «Целинэнерго» иелігінде еді. Бұл санатқа тек қана «Екібастұз – Көкшетау – Қостанай»1150 кВ өте жоғары қуаттылыққа ие электр беру желісі, ЦТХК ЖЭЦ және комбинаттың еншілес желілері (сонымен қатар Степногорск қаласы бойынша), сондай-ақ 110, 220 кВ тартымдық қосалқы станциялары кірмеді.

«Целинэнерго» ӨБ құрамына төмендегілер кірді:

            - үш жылу орталықтары: қуаттылығы 380 мВт Петропавлов ЖЭЦ-2,  жиынтықты қуаттылығы 266 мВт  құрайтын Целиноград ЖЭЦ-1 және ЖЭЦ-2;

       -  электр желілерінің 9 кәсіпорны:Целинограджоғарывольтті желілері, Целиноградэлектр желілері, Целиноградқалалық электр желілері, Степногорскэлектр желілері, Көкшетау электр желілері, Көкшетау қалалық электр желілері, Петропавловэлектр желілері, Петропавловқалалық электр желілері, Сергеевскэлектр желілері;

            -  жылу желілерінің 3 кәсіпорны: Целинограджылу желілері, Көкшетау жылу желілері(РК-1 және құрылушы РК-2), Петропавловжылу желілері;

            -  энергияны қадағалау;

            -  «Целинэнергоремонт»ӨЖК;

            -  «Целинэнергострой»тресті;

            -  «СарыОба»кеңшары;

            -  өнеркәсіптік емес шаруашылықтар қатары;

            -  санаторий-профилакторийлар;

            -  медициналық-санитарлық бөлім;

            -  мәдени-сауықтыру кешені;

            -  жергілікті оқу комбинаты;

            -  пионерлагерлері, мектепке дейінгі мекемелер және т.б.

              Барлығы кәсіпорындар мен ұйымдарда 13 мыңнан астам адам қызмет етті.

«Целинэнерго» баласындағы барлық қуаттылықтағы электрді беру әуе желілерінің ұзындығы шамамен 60 мың км-ді құрады. «Целинэнергоны» барлық тұтынушыларымен электр энергиясын тұтыну жылына 2000 мВт-тан аса қысқы жүктеме максимумымен 8 млрд. кВтсағ құрады.

Қазақстанда экономикалық реформалар басталған уақытта «Целинэнерго» бірлестігі меншіктің өзіндік формаларына ие бірнеше дербес кәсіпорындарға, компанияларға және шаруашылықтарға ыдырап кетті. Осылайша, мысалға, 220-500 кВ магистралды желілері мемлекеттік меншікте, Ұлттық желі құрамында қалды және бастапқыда «Қазақстанэнерго» ҰЭЖ, кейіннен «КЕГОК» ААҚ құрамына ауысты. Қалған кәсіпорындар келешекте бірқатар реформалар мен өзгерістерге ұшыраған өзіндік дербес акционерлік қоғамдарға айналды.

Мемлекеттiк мүлiкті басқару бойынша Ақмола аумақтық комитетінің 1996 жылғы 23 қыркүйектегі № 380 қаулысы негізінде Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жеке құрылымдық бөлімшелері негізінде «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» Ашық типті акционерлік қоғамы («АЭҮК» АТАҚ) құрылды. «АЭҮК» АТАҚ иелігіне қазіргі шекара бойынша Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысының 14 ауданы аймағындағы 110, 35, 10 және 0,4 кВ электржелілік шаруашылығы бөлінді. Осы әкімшілік аудандардың әрқайсындағы 10 және 0,4 кВ желілерін пайдаланумен, соынмен қатар тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтаумен Аудандық электр жүйелері (АЭЖ) айналысады, ал 110 және 35 кВ желілерін пайдаланумен және АЭЖ шектеріне дейінгі электр энергиясын тасымалдаумен – ауданаралық электр жүйелері (ААЭЖ) айналысады.

      2001 жылдың 1 наурызынан бастап компания «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» («АЭҮК» АҚ) болып өзгерді. 2014 жылдан бастап «АЭҮК» АҚ «Орта-Азия Электр энергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭҚ» АҚ) компаниялары тобына кіреді.

Басшының блогі
Зулеев Мұкан Махамбетұлы

«АЭҮК» АҚ
Бас директоры

Құрметті блогтың келермені!

Сіздерді біздің компанияның веб- ресурсында көргеніме қуаныштымын. Бұл сайт біздің жұмысымызға қызығушылық танытқандарға ашық болуға мүмкіндік береді. Біз сіздерді кәсіпорынның қызметі жөнінде мәлімдеп, Сіздердің қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береміз.

_______________________________

Зулеев Мұқан Махамбетұлы

әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін жеке сұрақтарға байланысты қабылдау жүргізеді. Алдын ала жазылу кеңсе арқылы жүзеге асады
+7 (7172) 371037

толығырақ

Вакансиялар

«АЭҮК» АҚ басқарма аппаратының вакансиялары
Начальник отдела информационной безопасности

Басқа вакансиялар

Сенiм телефоны

8 (7172) 27-48-30