2017 жылдың қазанында «АЭҮК» АҚ, «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС және  «Астанаэнергосбыт» ЖШС «ОАЭК» АҚ энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші еншілес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ) бойынша өзара аудит жүргізілді.

Іс-шара еңбектің қауіпсіздік жағдайларын құру бойынша өзара тиімді тәжірибе алмасу, ҚжЕҚ бойынша құжаттама жүргізу, ҚжЕҚ бойынша  корпоративтік регламенттер мен стандарттарды енгізу  мақсатында жүргізілді.

Аудиторлық топтың қатысушыларына «АЭҮК» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Жанна Гислер өзінің үндеуінде осы сияқты іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті және кәсіпорында өндірістік процессті жақсартуға әкелетін жаңа іскерлік пен дағдыларды алуға тілек білдірді.

«ОАЭК»  АҚ еншілес ұйымдарының делегациясы замануи электр жабдықтары орнатылған Ақмол ауылындағы «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС сервистік орталықтарында, 110/10 кВ «Красный Яр», «Астана» және  «ЧЛЗ» қосалқы стансаларында болды. Аудиторлық топтың қатысушыларына сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау  бойынша кабинеттерді және қосалқы стансалар аумақтары мен АЭЖ жедел-диспечерлік топтардағы бейнебақылау камераларын көрсетті. Өзара аудит шегінде оң кезеңдер аталып өтті және ҚжЕҚ саласында айқындалған кемшіліктерді жою, корпоративтік рәсімдерді енгізу бойынша құжаттарды,  ҚжЕҚ бойынша  корпоративтік регламенттер мен стандарттарды жүргізу, ҚжЕҚ басқару жөнінде нұсқаулық берілді.

Аудиттің соңғы күні қорытынды жиналыста жұмыс қорытындысы өткізілді және аудит рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қаралды.  Мұнда  ағымдағы жылдың тамызында оқудан өткен «ОАЭК» АҚ еншілес ұйымдары қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтерінің басшыларына  «IOSH» халықаралық сертификаттар табысталды. Соңында Allies Industrial компаниясы «Құлаудан қорғану», «Электр доғасынан қорғану» және «Таңбалау және блоктау жүйесі» тақырыптарына оқу фильмдерін көрсетті.

Аудит өзара аудиттердің бекітілген кестесіне сәйкес өтті. Келесі өзара аудит 2018 жылдың мамырында  «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өткізу жоспарланып отыр.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі