«АЭҮК» АҚ-ның 2016 жылғы инвестициялық бағдарламасы шеңберінде энергия нысандарын қайта құру жобалары, энергия жабдықтары мен ЭБЖ-нің күрделі жөндеу жұмыстары, ӘЖ (ШЖ) 110-35 кВ құрылысы және есепке алу құралдарын жетілдіру жүзеге асты.

Өткен жылдың 12 айы ішінде компания мамандары тарапынан кернеудің әртүрлі санатындағы электрді берудің әуе және шоғырсым желілерінің шамамен 73 км, 11 қосалқы станция мен 30 ЖТҚС қайта құрылды.

Жақсы ауданы Жақсы ауылындағы ұзындығы 15 км 0,4/10 кВ үлестіру желілерінің қайта құрылысымен Есіл ауданаралық электр жүйелерімен қызмет көрсетілетін барлық аудан орталықтарында 10/0,4 кВ үлестіру желілерінің ауыстырылуы аяқталды. Бұл өз алдына осы аймақтағы апатты өшулер санының айтарлықтай қысқаруына ықпал етті. Ұзындығы 24 км «Заводская-Колоколовка» ӘЖ-35 кВ жаңа құрылысы аяқталды. Ұзындығы 42,5 км «Воздвиженка-Максимовка-Фарфоровый» ӘЖ-35 кВ құрылысы аяқталуға таяу.

Бір Атбасар ауданының өзінде 2016 жылдың инвестбағдарламалары бойынша 0,4 кВ желілерінің 8,505 км, 1 ЖТҚС және 4 жоғарывольтті қосалқы станция қайта құрылды. Шортанды ауданында қайта құру жұмыстары 1964 жылы пайдалануға берілген екі қосалқы станцияда: «Жолымбет» 220/110/35/6 кВ  ҚС және «Шортанды» 110/35/10 кВ ҚС-та жүргізілді.

Целиноград ауданында инвестбағдарлама шеңберінде «Воздвиженка» 110/35/10 кВ ҚС қайта құрылды. Бұдан бөлек Қосшы ауылында «АЭҮК» АҚ ЭКЕАЖ жүйесіне кіріккен электр энергиясын есепке алудың 2500 құралы орнатылды.

Сандықтау ауданының «Веселовская» 110/35/10 кВ ҚС, Қорғалжын ауданының «Жантеке» 110/35/10 кВ ҚС және Егіндікөл ауданының «Краснознаменка» 110/35/10 ҚС  қайта құрылды. «Краснознаменка» қосалқы станциясы Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы 35/10 кВ 9 қосалқы станциясын қуат көзімен қамтиды. Бұл жерде «Урман» және «Қорғалжын» қосалқы станцияларына 110 кВ желісі бойынша транзитті қамтамасыз етуші 110 кВ май ажыратқышы элегазды ВБ-110 кВ ажыратқышына ауыстырылды.

Астананың азық-түліктік аймағына жататын Аршалы ауданында Жібек жолы ауылының тұтынушылары қуат көзімен қамтылатын «Юбилейная» 35/10 кВ ҚС-ның қайта құрылысы жүзеге асты.

Барлық жобаларды жүзеге асыру аумақты электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігінің жоғарылауына, негізгі қорлардың тозуын төмендету мен олардың өтімді сомасының деңгейін арттыруына себеп болумен қатар, электр жабдықтарының істен шығуы  немесе электрмен жабдықтаудағы үзілістер орын алған жағдайларда туындайтын апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге шығындар мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.  

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі