13 тамызда 89 жасқа қараған шағында Солтүстік Қазақстанның энергетика шаруашылығының құрылуына баға жетпес үлес қосқан «Целинэнерго»энергетика бірлестігінің тұңғыш басшысы, соңғы жылдары Германияда тұрған  Вениамин Моисеевич Левинқайтыс болды.

Вениамин Моисеевич Левин Харьков тау  институтын тәмамдағаннан кейін  1953 жылы Қазақстанға келді.  Ақтөбе совхоз халық шаруашылығында төрт жыл, содан кейін Қостанай совхоз халық шаруашылығында тағы төрт жыл әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. 1961 жылы  Целиноградқа  Целинный совхоз халық шаруашылығы бас механика және энергетика бөлімінің бастығы болып жіберілді. Сол жылы Целинный совхоз халық шаруашылығы жанынан құрылған сол кездегі Тың өлкенің энергия шаруашылығының бес облысы кірген «Целинэнерго» энергетика шаруашылығының аудандық басқармасын басқарды.

Бұл Солтүстік Қазақстанды қарқынды электрмен жабдықтау жүріп жатқан, тың жерлерді игеру уақыты болатын. Жыл сайын электр беру сызықтарының жүздеген шақырымы мен 35, 110, 220, 500 кВ барлық қуатты ондаған қосалқы стансалар салынды және пайдаланымға берілді.

Жергілікті ЖЭО мен энергия пойызы негізінде облыстық орталықтар маңында қалыптасқан жеке энергия тораптары біртіндеп Тың өлкенің бірыңғай энергия жүйесін құрып өзара қосылды. Ол өз кезегінде ВЛ-220, 500 және  1150 кВ бойынша көршілес энергия жүйелерімен қосылып, Солтүстік Қазақстанның ОЭЖ құрамына кірді. Атап айтқанда, «Целинэнерго» Орал, Солтүстік Қазақстан және Сібір энергия жүйелері арасында байланыстырушы звено болды, ССРО Бірыңғай электр жүйесін құруда өз рөлін атқарды.

«Целинэнерго» жаңа электр стансаларын пайдаланымға енгізумен, бұрын қызмет көрсеткен ЖЭО жаңғыртумен де айналысты.  Целиноград, Петропавел және Көкшетауды дамыту бойынша көптеген жұмыстар жасады.

«Целинэнерго» құрамында «Целинэнергоремонт» ӨЖК, «Целинэнерготранспорт» АК, «Целинэнергострой» трест,  ҚМБ, Учкомбинат және басқа бөлімшелер құрылды. 90 жылдар басында «Целинэнергода» 12 мың адам жұмыс істеді.

Бірлестікте олардың әлеуметтік жағдайлары үшін көптеген жұмыстар атқарылды, тұрғын үйлер, бала бақшалар мен пионер лагерлері, пансионаттар мен демалыс үйлері, энергетиктер асханасын қамтамасыз ету үшін қосалқы шаруашылық пен фермалар салынды. Осы үлкен шаруашылықтың басында 24 жыл басқарушы, ал кейіннен «Целинэнерго» ӨБ бас директоры Вениамин Моисеевич Левин болды. Бұл лауазымда ол 1985 жылға дейін болды, сосын бас директордың орынбасары лауазымына ауысты. 1992 жылы зейнеткерлікке шықты.

Вениамин Моисеевич Левин – Қазақ СРО Еңбек сіңірген энергетигі және ССРО Құрметті энергетигі, Ленин орденімен марапатталған.

«Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы»АҚ басшылығы