Ақпан айында Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі Аманбек Калжановтың Красивинск және Жаныспай селолық округтері, сонымен қатар Ярославка және Московский ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесулері өтті. Іс-шараларға ауданның құқық қорғау органдарының, сонымен қатар мемлекеттік және коммуналдық қызмет өкілдері, оның ішінде «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС қатысты.

Ауыл тұрғындарының алдында Аманбек Калжанов 2016 жылға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелерін айтып, болашаққа қойылған жоспарлармен бөлісті. Содан кейін жүргізілген жұмыс жөнінде жоғарыда аталған ауылдар әкімдерінің есептері тыңдалды.

Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан көптеген сұрақтар келіп түсті. Оларға нақты жауаптар беріліп, түсіндірілді. Жекелей алғанда, Красивое ауылында жаңа СВА-ның құрылысы жөнінде аудандық бюджетпен тек күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарының қарастырылатындығы түсіндірілді. Сондай-ақ ағымдағы жылы «Аймақтардың дамуы» бағдарламасына сәйкес, Ярославка және Жаныспай ауылдарындағы су қыспақты мұнарасының жөнделетіндігі жөнінде айтылды. ЭБЖ-ні жөндеуге қатысты «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС өкілімен ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны ішінде ЭБЖ-ні жөндеу жұмыстарының жүргізілетіндігі айтылды.

Кездесулердің нәтижелерін шығара келе, аудан әкімі барлық проблемалық сұрақтардың жедел түрде және қысқа мерзімде жүргізілетіндігін растады.

Есіл ауданы әкімінің баспасөз қызметі материалдары бойынша

http://akmol.kz/news/read/20445/index.html