«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылысқа және коммуналдық секторға замануи технологияларды, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық объектілерді интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтауды енгізу қажеттілігін көрсетті. Бұл шаралардың бәрі қазақстандықтардың энергия тұтынуды қысқартуға және өмір сапасын жақсартуға әкелетін болады.

Соңғы бірнеше жылда «Ақмола ЭҮК» АҚ SCADA, ЭКЕАЖ, ТҚП БАЖ  интеллектуалды энергия жүйелерінің элементтері белсенді енгізілуде. Сонымен, 2017 жылы LPWAN сымсыз технологиясы бойынша тұрмыстық тұтынушылардың электр энергияны бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне (ЭКЕАЖ) монтаж жүргізілді және тәжірибелі пайдаланымға шығарды. Шортанды ауданының Шортанды кентінде жоба аясында 140 есеп нүктесі белгіленді. Жаңа технология есептеуіш көрсеткіштерін радиожылдамдығы бойынша тәулігіне бір рет қабылдап бір базалық станцияның елді мекеніне пайдаланымды болжамдайды  және жиналған ақпаратты сақталатын серверге интернет бойынша жібереді. Өзінің логинімен және паролімен серверге қосылған тұтынушы өзіне керек кезде есептеуіш прибордың көрсеткішін ала алады.  Мұндай жобаны биыл пайдаланымға енгізу жоспарланып отыр.

Ақмола облысында 2013 жылы басталған ЭКЕАЖ  енгізу жобасын іске асыру жалғасуда. Бүгінгі күні ақылды приборлармен жиырма мың шамасында тұрмыстық тұтынушы жабдықталған. ЭКЕАЖ жүйесі тұтынушылармен қашықтықта жұмыс істеуге, нақты уақытта электр энергия балансы бойынша жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді, ең бастысы компания желісінде электр энергияның коммерциялық жоғалуын айтарлықтай қысқартады.

2014 жылы «АЭҮК» АҚ Орталық диспетчерлік қызметі қашықтықта басқарылатын бейне қабырғалар мен өрнекті диспетчерлік қалқаннан тұратын ARIS - SCADA жедел-ақпараттық кешенмен (ЖАК) жабдықталған. Энергия объектілерінен берілетін дабылдар ондағы штаттан тыс жағдайлар туындағанда уақытында ескерту мен жедел жауап қайтаруға мүмкіндік беретін теледабылдар мен телеөлшеуіштер түрінде қалқанда көрсетіледі. Бүгін барлық 35 кВ және одан жоғары салынып және қайта жаңартылып жатқан қосалқы станциялар телемеханика элементтерімен жабдықталған.

Сондай-ақ,  өндірістік пайдаланымға  Ellipse 8 (EllipseҚжАӨБЖА) жүйесі базасында өндірістік қорлармен және активтермен басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. 2017 жылдың сәуірінен бастап компанияда Ellipse ҚжАӨБЖАтолық интегралданғанMobility мобилді қосымшасы әзірлене бастады және енгізілді. Жүйе жұмыс тапсырмаларын, жабдықтарды түгендеу және мониторингті қашықтықта беруді жүргізуге, сонымен қатар, тарихи, нормативтік деректерге жедел кіруге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру 2018 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады.

Интеллектуалды желілерді енгізу тұтынушымен тікелей байланыс жөнге салумен тура байланысты. 2017 жылдың қарашасынан бастап Ақмола облысында тәжірибе-өндірістік пайдаланымға электр желілеріне тұтынушыларды қосу үшін техникалық шарттарды  рәсімдеу процессінің шынайылығын жоғарылатуға бағытталған «ТЕЗИС» ТҚП БАЖ  - электр желілеріне технологиялық қосу процессімен басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Жүйені толық көлемде енгізу кәсіпорынның жедел қызметін тиімді қолдауды көрсетеді, техникалық шарттарды беру, жобалық-сметалық құжаттамаларды келісу мен тұтынуға арналған құжаттарды дайындау процессінде есеп пен бақылауды ұйымдастырады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі