Турнирде Басқарма аппаратының, «АЭҮК» АҚ  Ақмола, Степногорск және Есіл ауданаралық электр желілерінің құрама командалары қатысты.

Бірінші орынды және ауыспалы Кубокты ірі есеппен қарсыластарын ұтқан АААЭЖ құрамасы алды.  Екінші орынды – Есіл ААЭЖ футболшылары, үшінші орынды степногорлықтар иеленді.

АААЭЖ командасы Астана қаласында ағымдағы жылдың қыркүйегінде болатын ақтық жарыста «АЭҮЖ» АҚ атынан шығатын болады. Холдингтің 20 жылдық құрметіне «ОАЖЭК»АҚ компаниялары тобының командалары арасындағы турнир денешынықтыру және спортты насихаттау, корпоративтік мәдениетті дамыту мақсатында өткізіледі.