Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында 23 қыркүйек күні белгісіз тұлғамен № 9 ЖТҚС -10/0,4 кВ (жиынтық-трансформаторлық қосалқы станциясынан) АЖ- 0,4 кВ темірбетон тірегі автокөлік басып кету салдарынан істен шығарылды. Кейбір тұтынышылардың үйінде қорғаныштық жерге тұйықтаудың болмауына байланысты, тұрмыстық техника және электр құралдарының  істен шығып кетуінің бірден бір себепшісі болды, бұл механикалық әсер нөлдік сымның құлауына, фазалық үзілуіне әкеліп,бұл қысқа мерзімдік ток күшінің артуына әкеліп соқтырды.

Бір сағат ішінде сымның үзілуін жойды және тұтынышылардың электрмен жабдықтауы қайта жаңартылды. Бірнеше күннен кейін бұзылған тірек ауыстырылды.

Айта кету керек, Аршалы АЭЖ басшылығы бұрын сонды барлық тұтынышыларға 2017 жылдың мамыр айына дейін сымның нөлдік жерді тұйықтауды орнатуын, электр энергияның коммерциялық есепке алу құрылғыларының актісінде бұйрық берді. Мысал ретінде, жанында тұрған және сол сияқты тіректе болған «Жасмина» кафесі зардап шеккен жоқ.

27 қыркүйек күні Жібек Жолы ауылының әкімшілігінде, желі кернеу айырмасынан зардап шеккен кент тұрғындарымен, ауыл округінің әкімі Ж. Ахмадияров және Аршалы АЭЖ басшысы В. Соломко кездесу өткізді. 0,4 әуе желісінің тірегін бұзған тұлғаны анықтау жөніндегі шара қолдану өтінішімен, Аршалы АЭЖ-нен Аршалы АІІБ-не қатысты берілді, деп хабарлады Виктор Соломко.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі