«АЭҮК» АҚ үлестіру желілері жедел-жөндеу бригадалары арасындағы кәсіби шеберлік жарысының финалы аяқталды. Атбасар, Ерейментау, Жарқайың, Қорғалжын, Сандықтау және Шортанды аудандық электр желілерінен алты бригада үш күн бойы үздік атануға жарысты.  

Жарысқа қатысушыларға 6 кезеңнен өтуге тура келді. Атап айтсақ, Қауіпсіздік техника бойынша ережелер мен нұсқаулықтар,  қолданыстағы нормалар бойынша білім деңгейін көрсету, 10 кВ әуе желілері тірегіндегі электр тогынан зақымданғандарды босату, оған дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету, өтетін оқшаулағышты 10/0,4 кВ ЖТҚС-ға ауыстыру және жерге тұйықталған ЖТҚС пішінін өлшеу. Бригадалардың жабдықталуы, құрал-саймандармен, аспаптармен және қорғаныс құралдарымен толықтырылуы және бригада машинасының күйі бағаланды.

Төрешілер алқасы бригада мүшелерінің барлық кезеңнен сапалы және қауіпсіз өтулерін ғана бағалаған жоқ, сонымен қатар, тапсырмаларды орындаудағы жылдамдықтарын да назарға алды.

Жиналған ұпай санына байланысты, тура былтырғы жыл сияқты, биыл да Атбасар АЭЖ бірінші орынды алды. Екінші орынды Сандықтау АЭЖ, ал үшінші орынды Жарқайың АЭЖ алды.

Дәстүрге айналғандай, жарыс қорытындысы бойынша өз мамандығы бойынша үздіктер де анықталды. Сонымен «Үздік шебер» атағын Сандықтау АЭЖ-дан Рожков Владимир алды. Қорғалжын АЭЖ-дан Кульманов Нурхан «Үздік электр монтері» атағын алды. Ал Жарқайың АЭЖ бригадасынан Ульянов Сергей ҚТ және ПЕ ережесінен жақсы білім көрсетті.