«АЭҮК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінде тұтынушыларды энергиямен қамту сенімділігін максималды түрде жоғарылатуға бағытталған жобалар жүзеге асуда. «Карамышевка» қосалқы станциясында жұмыстар қатал түрде бекітілген технологиялық карталарға сәйкес атқарылуда. Жоспарланған жұмыстардың 50 %-ынан көбі орындалған.

«Карамышевка»–Бұланды ауданындағы күрделі схемаға ие ең ірі 110/35/10 кВқосалқы станциясы. Қосалқы станция 1978 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді және бірнеше жақын маңдағы ауылдарды жарықпен қамтамасыз етуде. 2008 жылы аталмыш қосалқы станцияда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал 2014 жылдың мамыр айында жабдықтарының кейбірі жетілдірілді. Сол уақытта физикалық және моральді тұрғыда Т-1 және Т-2-нің ескірген ОД-КЗ-110 кВ орындарына ВГТ-110 элегазды ажыратқыштары орнатылды. Бұл өз алдына энергия жабдықтарының мұз басу жағдайлары орын алатын күзгі-қысқы мерзімдегі қосалқы станция жұмысының сенімділігін арттырды.

Осы жылы қосалқы станцияда үйкелескен және айналма түйіндердің толыққанды бөлшектелуі мен құрастырылуымен барлық РЛНДЗ-110 кВ-нің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 50 дана 110 кВ тіреу оқшаулағышы мен екі РЛНДЗ-110 кВ ауыстырылды. Сонымен қатар «Николаевка» МВ-110 кВ мен ШСВ-110 кВ күрделі жөндеу жұмысы мен боялуы, Т-1 және Т-2 күш трансформаторларының ағымдағы жөндеу жұмыстары мен боялуы жүзеге асты. Т-1-де 110 кВ ф. «С». жоғарывольтті ақаулы іске қосқышы ауыстырылды. Бұдан бөлек, атмосфералық асқын кернеуден қорғау мақсатында Т-1 және Т-2-нің 35 кВ орташа кернеуі бойымен ОПН-35 кВ асқын кернеу шектегіштері жөнделді.

Аталған жұмыстар аяқталған соң, уақыттың өтуіне қарай өздерінің «жазықтықтағы геометрияларын өзгерткен», яғни отырып қалған немесе бүгіліп кеткен Т-1, Т-2 көп тонналы негізгі жабдықтары мен МКП-110 кВ ажыратқыштарының жөнделуі жүргізілді.

«Күрделі жөндеу жұмыстарының барлық аралығында тұтынушыларды электр энергиясымен қамсыздандыруда шектеулер болмады. Тұтынушылар кері трансформация жолымен немесе қолданыстағы ӘЖ арқылы қуаттандырылды» - деп, Бұланды аудандық электр жүйелері бастығы Сергей Чумак атап өтті.

Барлық жұмыстар күзгі-қысқы маусым басына қарай аяқталады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі