Ағымдағы жылы «Новоалександровка» қосалқы станциясында (ҚС) жабдықтардың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның барысында технологиялық карталармен қарастырылған жоғарывольтті сынаулар, коммутациялық жабдықты бөлшектеу, зақымдалған бөлшектерді жаңаға ауыстыру секілді жұмыстар кешені орындалды. Тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз етуден бөлек, ҚС-ға заманауи жабдықтарды ендіру электр желілеріне жаңа тұтынушылардың технологиялық қосылуы үшін қосымша мүмкіндіктерді кепілдендіреді.

«Новоалександровка» 110/35/10 кВ ҚС Астананың азық-түлік аумағына кіретін және астанаға азық-түлік өнімдерімен жетекші жабдықтаушы болып табылатын Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылы аумағында орналасқан. Соңғы он жылдықтарда аумақтың белсенді экономикалық және әлеуметтік дамуына байланысты қосалқы станцияға түсетін жүктеме лезде жоғарылады. Бүгінгі таңда ҚС-дан электрді берудің 14 желісі өтеді. Олар тұрмыстық тұтынушылардан бөлек, мал шаруашылық кешенді, екі жалпы білім беретін мектепті, қазандықты, жақын орналасқан Нұрлы және Күйгенжар ауылдарын, сонымен қатар астаналық гольф-клубын электрмен қамтамасыз етеді.

2013 жылы ҚС-да жабдықтың қайта құрылуы жүзеге асты, оның барысында Т-1 және Т-2 трансформаторлар шынжырындағы екі ОД-КЗ 110 кВ (айырғыштар – қысқа тұйықтағыштар) ВГТ-110 кВ элегазды ажыратқыштарына және Т-1 мен Т-2 күш трансформаторларының электромеханикалық қорғаныстары ШОТ желі тогі шынжырларының аз габаритті аккумуляторлы батареясын орнатумен БМРЗ заманауи микропроцессорлы қорғаныстарына ауыстырылды. Жұмыстар кейінгі жылдары да жалғастырылды. 2015 жылы МКП-110 кВ май ажыратқышы ВЭБ-110 кВ сериялы элегазды ажыратқышқа ауыстырылды. Мұндайда «Новоалександровка – ТЭЦ-2» және  «Новоалександровка - Вишневка» ӘЖ-110 кВ-нің ВЭБ-110 кВ үшін электромеханикалық қорғаныс панельдері микропроцессорлыға ауыстырылды. Бұдан бөлек, К-37, К-47, К-59   май ажыратқыштарының көнерген жабдықтары КМ-1КФ (27 дана) сериялы вакуумды жабдықтарға ауыстырылды. Сонымен қатар жеке қажеттіліктегі ТМ-100 кВА сериялы екі трансформатор  ТМГ-160 кВА сериялы трансформаторларға ауыстырылды.

Ағымдағы жылы «Новоалександровка» ҚС-да көпжылдық жоспар-графикке сәйкес, жабдықтың күрделі жөнделуі жүзеге асты, лак-бояулы жұмыстар орындалды және аумақ абаттандырылды.

«Новоалександровка» ҚС-дағы күрделі жөндеумен бір уақытта 2016 жылдың инвестициялық бағдарламасы шеңберінде «Юбилейная» 35/10 кВ ҚС-ның қайта құрылуы жүзеге асып жатыр. Бұл жерде барлық дайындық жұмыстары аяқталған: әуе қосқыштарынан шоғырсымдыға шығатын ӘЖ-110 кВ-нің қайта қуатталуы орындалды, 24 дана УСО тіреулерінен іргетасты негіздің монтажы орындалған,  КРУН-10 кВ-ға рама монтаждалған. Сонымен қатар 35 кВ екі май ажыратқыштың ВГБЭ-35 кВ элегазды ажыратқыштарға, майлы ажыратқыштары бар КРН-III  маркалы КРУН-10 кВ-нің 18 данада КМ-1 КФ сериялы 10 кВ вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылуы қарастырылып жатыр. 10/35 кВ ауыстырылатын ажыратқыштарда релелік қорғаныс және автоматиканың микропроцессорлы құрылғылары орнатылатын болады.

Барлық жұмыстар Ақмола ААЭЖ мамандарының белсенді қатысуымен Аршалы АЭЖ қызметкерлерінің күшімен орындалуда.

Виктор СОЛОМКО,

Аршалы аудандық электр жүйелерінің бастығы