Жас мамандарды тарту – «АЭҮК» АҚ алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Компания 2016 жылы Астана және Ақмола обылысының 8 оқу орындармен әлеуметтік серіктестік туралы шартқа отырды.  Осы шарттың аясында Компания студенттер мен оқушыларға энергетика нысандарына экскурсия жүргізуді, өздерінің кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтуді, сонымен қатар, студенттерге өз оқу орталығында практикалық сабақтарды өткізуді   ұйымдастырады.

 № 22 қалалық ОМ тоғызыншы сыныптарымен «АЭҮК» АҚ техникалық кеңесші, ҚР және ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі Баранов Владимирпен кездесу өтті.Ол оқушыларға электр энергетикасы және осы мамандықтың ерекшеліктері туралы айтып берді. Кездесуге келген Астаны Артем Годун басқару колледжы энергетика факультетінің студеттері және Карачаев Николай арнайы тәртіп оқытушысы Муравьева Светланамен бірге, оқушыларға электрлік сұлбаны құрастыру бойынша машықтануға мүмкіндік туғызған шеберлік сабағын өткізді.