Болашақ кәсібіне қызығушылығы мен табыс табуға тілегі бар энергетика мамандығы бойынша оқитын студенттердің назарына

«АЭҮК» АҚ  компания бөлімшелерінің бірінде, соның ішінде Астана қаласында жазғы каникул кезеңінде (2018 жылдың шілде-тамыз айларында) 18 жасқа толған күндізгі бөлім студенттерін жұмысқа шақырады. Бұл алған теориялық білімдерін практика жүзінде бекітуге, компаниямыз бен жақын танысуға және бір мезгілде табыс табуға жақсы мүмкіндік.

Жұмысқа тұру кезеңінде бәрімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес шұғыл еңбек шарты жасалатын болады және барлық міндетті төлемдер аударылатын болады.

Жұмыс үшін ай сайынғы еңбекақы 2 АЕА мөлшерінде (2 х 28284 теңге) төленеді.

Еңбекке орналасу үшін келесі құжаттар қажет: зейнеткерлік шарт, Ф.086 медициналық анықтама, жеке куәлік, сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама,мекенжайлық анықтама, 2 фото 3х4.

Басқа мамандықта оқитын студенттер мен жазғы кезеңде жұмыс істеуге ниет білдірушілер кандидатураларын қарауға дайынбыз.   

Анықтамалар үшін мына телефондар бойынша жүгініңіз:

Астана қ. - 8 (7172) 371956, 437167, 437033,

Есіл қ. - 8 (71647) 40168,

Степногорск қ. - 8 (71645) 21424

«АЭҮК» АҚ  Персоналмен жұмыс бойынша басқармасы