Энергияны үнемдеу бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдан бастап Ақмола облысында электр энергиясына сараланған тарифтер жүйесі енгізілді.

Сараланған тарифтер Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес есептелген.

Қазіргі таңда энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жеткізілетін электр энергиясына бөлшек тарифтердің үш түрі бар:

1) орташа босату тарифі;

2) тұтыну көлемі бойынша сараланған  тариф;

3) тәулік аймақтары бойынша сараланған тариф.

Жеке тұлғалар электр энергиясы үшінтөлемді тұтыну көлемі бойыншажәне тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер бойынша жүзеге асыра алады.

Заңды тұлғалар – тәулік аймақтары бойынша сараланған тариф және заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі арқылы төлей алады.

Тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер:

Тарификация түрі

Лимит деңгейі бойынша тұтыну нормасы, 1 адамға кВт·сағ

Лимит деңгейі бойынша 1 кВт·сағ-қа тариф

Тұтыну көлемі бойынша

Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын жеке тұлғалар

 

 

ҚҚС-пен

ҚҚС-сыз

1 деңгей

100

15,15

13,53

2 деңгей

 

10-ден 1 190-ға дейін

20,24

18,07

3 деңгей

190-нан жоғары

25,30

22,59

Жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер мен ҰОС-ға қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар санатына жататын  электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын жеке тұлғалар

1 деңгей

140

15,15

13,53

2 деңгей

 

141-ден  190-ға дейін

18,07

16,13

3 деңгей

190-нан жоғары

22,59

20,17

 Т1 төмендегі шектерде электр энергиясын тұтыну үшін төленетін бірінші деңгей тарифі:

- айына100   кВт·сағ-қа дейін аталмыш мекенжай бойынша тұратын бір жеке тұлғаға;

- айына140 кВт·сағ-қа дейін жасына қарай жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға;

Т2 -  төмендегі шектерде электр энергиясын тұтыну үшін төленетін екінші деңгей тарифі:

- айына 101-ден 190 кВт·сағ-қа дейін аталмыш мекенжай бойынша тұратын бір жеке тұлғаға;

- айына 141-ден 190 кВт·сағ-қа дейін жасына қарай жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға;

Т3энергияны үнемдеу үшін стимул тудыру мақсатында электр энергиясын ең жоғары деңгейде пайдаланатын тұтынушылар үшін енгізілетін үшінші деңгей тарифі:

- айына 190 кВт·сағ-тан жоғары аталмыш мекенжай бойынша тұратын бір жеке тұлғаға;

- айына 190 кВт·сағ-тан жоғары  жасына қарай жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларға;

 

Тұратын адамдардың санын анықтау үшін мекенжай анықтамалығы негіз болады. Мекенжай анықтамалығы болмаған жағдайда тұратын жеке тұлғалардың санын анықтау үшін қаладағы аудан, аудандық мәндегі қала, поселке, ауыл (село), ауылдық  округ әкімімен берілген тұратын жеке тұлғалар саны жөніндегі анықтама негіз болады.

Ақмола облысы аймағы тұрғындары үшін электр энергиясын тұтыну көлемдеріне сәйкес сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін есептеулер үлгілері:

1.      Бастапқы мәліметтер:

Тұрушылардың саны– 1 адам;

Бір айда тұтынылған барлық электр энергиясы– 210 кВт·сағ.

Есептеу:

100 (1 деңгей тарифі бойынша тұтыну шамасы) *1(тұрушылардың саны) *13,53 (1 деңгей тарифі)*1,12 (ҚҚС) = 1515, 36 теңге

90 (190-100=90 2 деңгей тарифі бойынша тұтыну шамасы) *1 (тұрушылардың саны) * 18,07  (2 деңгей тарифі)*1,12 (ҚҚС) = 1 821,46 теңге

20 (420 – (100*1) – (90*1))* 22,59  (3 деңгей тарифі)*1,12 (ҚҚС) = 506, 02 теңге

Осылайша, төленуі тиіс сома 1 515,36 + 1 821,46+506,02 =3 842,84 теңгені құрайды.

 2.      Бастапқы мәліметтер:

Тұрушылардың саны– 2 адам;

Бір айда тұтынылған барлық электр энергиясы – 400 кВт·сағ

Есептеу:

100 (1 деңгей тарифі бойынша тұтыну шамасы)  * 2 (тұрушылардың саны) * 13,53 (1 деңгей тарифі)*1,12 (ҚҚС)= 3 030, 72 теңге

90 (190-100=90 2 деңгей тарифі бойынша тұтыну шамасы) * 2 (тұрушылардың саны) * 18,07  (2 деңгей тарифі)*1,12  (ҚҚС) = 3 642,91 теңге

 20 (400 – (100*2) – (90*2))* 22,59  (3 деңгей тарифі)*1,12 (ҚҚС) = 506, 02 теңге

Төленуі тиіс сома – (3 030,72+3 642,91+506,02)= 7 179,65 теңге.

    Ескертпе:

Сіздің назарыңызды бағдарламадағы есептеулер сомасы төмендегіше анықталатындығына аударамыз: (кВт·сағ-ғы электр энергиясы көлемдері)*тариф (ҚҚС-сыз)*1,12 – 12% ҚҚС). Түбіртекте ыңғайлы болуы үшін тарифтер ҚҚС-ты есепке ала көрсетілген.      

 

Тәулік аймақтары бойынша сараланған тариф

Тәулік ішінде электр энергиясын тұтынудың құрылымы мен тарифтер бойынша көтерме нарықтағы электр энергиясы мен қуатының жиналатын құнынан шыға келе тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифті есептеу тәртібі анықталды. Бұдан бөлек, тұтынушыларға қатысты келесі тәулік аймақтары бекітілген: «күндізгі пайдалану», «кешкі максимум» және «түнгі төмендеу».

Тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтермен төлеуге ауысу үшін абоненттерге арнайы көп тарифті құралдарды алып, орнату қажет. Көп мөлшерлі есепке алуда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар есепке алудың үш аймақты жүйесін пайдаланады. Бұл жағдайда жеке тұлғалар – тұтынушылар есепке алынбайды. Олар электр энергиясын тұрмыстық қажетілікке пайдаланғандықтан, оларға есепке алудың екі аймақты жүйесі пайдаланылады.

Үш аймақты жүйе төмендегіден тұрады:

- (Д) – жоғарғы аймақ уақытына жетпейтін электр энергиясын күндізгі тұтыну аймағы (7-00-ден 19-00-ге дейін);

- (В) – электр энергиясын кешкі тұтыну аймағы(кешкі максимум), бұл электрмен жабдықтау желісіндегі жүктеме және түрлендіру жабдығы ең жоғары болған кез (19-00-ден 23-00-ге дейін).Түрлендіру жабдығын, оның ішінде электр энергиясының ең жоғары өзіндік құнына ие жабдықты пайдалану максималды. Бұл факторлардың барлығының электр энергиясының қымбаттауына алып келетіні сөзсіз.

- (Н) – түнгі аймақ, ең жоғарғы аймаққа қарама-қарсы, энергия жүйесіне түсетін жүктеме ең минималды тәулік аймақтарына жатады (23-00-ден 7-00-ге дейін) (түнгі төмендеу). Ең жоғары құнға ие электр энергиясын өндіретін жабдық жұмыстан шығарылады. Бұл сағаттардағы электр энергиясының құны минималды.

Екі аймақты жүйе төмендегіден тұрады:

- (ДВ) – «күндізгі тұтыну» және «кешкі максимумды» біріктіретін күндізгі тұтыну аймағы(7-00-ден 23-00-ге дейін);

- (Н) – «түнгі төмендеу» аймағымен сәйкес келетін түнгі тұтыну аймақтары (23-00-ден 7-00-ге дейін).

 

Тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер:

Тарификация түрлері

Критерийлер

Лимит деңгейі бойынша тұтыну нормасы, 1 адамға кВт·сағ

Лимит деңгейі бойынша 1 кВт·сағ-қа тариф

ҚҚС-пен

ҚҚС-сыз

Тәулік аймақтары бойынша

Жеке тұлғалар

күндізгі

7-00-ден 23-00-ге дейін

17,75

19,88

түнгі

23-00-ден 7-00-ге дейін

8,65

9,69

Заңды тұлғалар

күндізгі

7-00-ден 19-00-ге дейін

19,56

21,91

кешкі

19-00-ден23-00-ге дейін

36,13

40,47

түнгі

23-00-ден 7-00-ге дейін

8,65

9,69

750 кВА-дан жоғары өнеркәсіптік тұтынушылар

күндізгі

7-00-ден 19-00-ге дейін

19,56

21,91

кешкі

19-00-ден23-00-ге дейін

41,37

46,33

түнгі

23-00-ден 7-00-ге дейін

8,65

9,69

 

 

Жеке тұлғалар үшін тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтерге сәйкес төлемдерді есепке алудың жалпы қағидаты

Тәулік аймақтары бойынша сараланған төлемдерді есепке алу үшін электр энергиясының күндізгі және түнгі шығынын есептеу қажет: есептегіш құралдың күндізгі және түнгі көрсеткіштерін тіркеп, қолданыстағы тарифтер бойынша есепке алуды жүзеге асыру қажет:

Бастапқы мәліметтер:

Мерзім: 01.02.2017жылы түсірілген есептегіш құрал көрсеткіштері: күндізгі көрсеткіштер – 25672,  түнгі көрсеткіштер – 25678  

Мерзім: 01.03.2017 жылы түсірілген есептегіш құрал көрсеткіштері: күндізгі көрсеткіштер– 25815, түнгі көрсеткіштер – 25 705.

Есепке алу:

1) Электр энергиясын тұтынуды күндізгі мөлшерлеме бойынша анықтаймыз 25815 - 25672 = 143 кВт·сағ

2) Электр энергиясын тұтынуды түнгі мөлшерлеме бойынша анықтаймыз25705 - 25678 = 27 кВт·сағ

3) Электр энергиясын тұтыну бағасын күндізгі мөлшерлеме бойынша анықтаймыз

 143 кВт·сағ. х 17,75 теңге/кВт·сағ.*1,12 = 2 842,84 теңге;

4) Электр энергиясын тұтыну бағасын төмендегі мөлшерлеме бойынша анықтаймыз

 27 кВт·сағ; 27 кВт·сағ х 8,65 теңге/кВт·сағ*1,12 =  261,58 теңге.

 

Екі мөлшерлеме бойынша барлығы төленуі тиіс сома 2 842,84 теңге + 261,58 теңге = 3 104,42 теңге.

 

Осы секілді есепке алу заңды тұлғалар үшін есепке алудың үш аймақты жүйесі кезінде жүзеге асады.