«АЭҮК» АҚ мамандарымен  «Фобос»есептеу приборларын қолданумен LPWAN технологиясы бойынша «Вавиот»  жабдығы базасында тұрмыстық тұтынушылардың Электр энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ)  монтаждау және тәжірибелі пайдаланымға енгізу  жүргізілді

Технология әрбір жиынтық-трансформаторлық қосалқы стансаларға (ЖТҚС) жинақтау құрылғысын орнату мен деректерді беруден (ЖҚОДБ) басқа барлық елді мекендерге бір базалық стансаны қолдануды қарастырады.  Орнатылған батарея радиомодулімен жабдықталған  барлық есептегіштер тәулігіне бір рет радиожиілілік бойынша көрсеткіштерін базалық стансаға жібереді. Содан кейін базалық станса интернет арқылы жиналған ақпаратты сақталатын серверлік жабдыққа жібереді.

Өнімді соңғы пайдаланушы логин мен пароль қолданумен интернет арқылы серверге қосылады, осылай қажетті кезеңі үшін есептеу приборының көрсеткіштерін ала алады.

ЭКЕАЖ пилоттық жобасына қатыстырылған есеп нүктесінің саны «АЭҮК» АҚ -  140 ЕН (есеп нүкте) құрайды.

«АЭҮК» АҚ осы жүйесі «ОАЭК» АҚ басқа еншілес ұйымдармен қатар тәжірибелік пайдаланымға енгізілді. Үш айдан соң алынған нәтижелер негізінде тұрақты негізде жүйені қолданудың мүмкіндігі туралы шешім қабылданатын болады. 

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі