«АЭҮК» қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударады. Табиғатты қорғау қызметі бойынша іс-шаралар жөнінде қоршаған ортаны қорғау секторының (ҚОҚС) бастығы Луговенко Олеся баяндайды.

ҚОҚС негізгі бағыттары жөнінде айта кетсеңіз

- Біздің қызметкерлеріміз экологиялық талаптар мен нормалардың сақталуын қадағалайды. Мысалға, электржелілік кәсіпорындардың өндірістік қызметіндегі қауіпті бағытардың бірі трансформаторлық майдан тұратын энергия жабдықтарын пайдалану болып табылады. Ол күш, ток, кернеу трансформаторлары мен майлы ажыратқыштарда қолданылады. Трансформаторлық май тамып кеткен жағдайда, топырақ толыққанды бүлінеді. Топыраққа улы заттардың түсіп кетуін болдырмау үшін біздің мамандарымыздың тарапынан үнемі май мен май толтырылған жабдықтарды сақтау үшін қажетті резервуарлардың бүтіндігі тексеріледі, өңделген және жаңа трансформаторлық майларды дұрыс сақтау бойынша талаптар орындалады. Тамып кетуі мүмкін жерлерде қиыршық тас пайдаланылады. Ол өз алдына трансформаторлық майдың топыраққа тамып кетуіне бөгет болады. Пайдаланылған трансформаторлық май, майға сіңген қиыршық тас немесе топырақ қауіпті қалдықтар болып саналады және міндетті түрде қайта өңделуі керек.

Экологиялық қауіпсіздікпен жұмыстағы тағы бір бағыт – атмосфераға кететін қалдықтарды бақылау. Біздің кәсіпорынның эмиссияларының көздеріне жылжымалы немесе стационарлы негіздерді (автокөлік, токарлық телім, дәнекерлеуші цех, ЖЖМ қоймасы және т.б. негіздер) жатқызуға болады. Атмосфераға кететін шығындардың алдын алу және азайту мақсатында «АЭҮК» АҚ филиалдарында (Ақмола, Есіл және Степногорск ААЭЖ) тоқсан сайын аккредиттелген сынау зертханасымен қалдық негіздеріне құрал-сайман әдісі арқылы жабдық ерекшеліктеріне сәйкес экологиялық өлшеу жүргізулер жүзеге асады. Соңғы 2 жылдың ішіндегі жүргізілген зерттеулер нәтижесінде талданатын ингредиенттер бойынша рұқсат етілетін қалдықтар, сонымен қатар шекті рұқсат етілетін қалдықтардың жоғарылауы фактілері тіркелмеді.

Электржелілік кәсіпорынның жұмысындағы жағымсыз факторлардың бірі ретінде электр беру желілерінен келіп түсетін электромагниттік сәулеленуді атауға болады. «АЭҮК» АҚ теңгерімінде 110/35/10/0,4 кВ кернеуіндегі электр желілерінің 20 910 км бар. 110 кВ және одан төмен кернеудегі желілерден шығатын сәулелену адамға қауіп төндіре алатындай электромагниттік сәулеленуді тудырмайды. Сонымен қатар электр беру желілері қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес құрылады. Бұл өз алдына адам мен қоршаған ортаға жарақат алу қаупі бар жағдайлар мен қолайсыз ықпал ету мүмкіндігін азайта түседі.

Компания тарапынан қоршаған ортаға достық қатынас қалай көрінеді?

- «АЭҮК» АҚ-ның экологиялық саясаты Ақмола облысының флорасы мен фаунасына ұқыпты қатынасты жобалайды. Аймақ территориясында құстар миграциясының жолдары созылып жатыр. Заманауи аспалы оқшауланған сымдар құстарды электр тогімен зақымдаудан қорғайды. Құстардың жаппай орналасқан орындары ұя салуға мүмкіндік бермейтін арнайы құрылымдармен жабдықталған. Далалық аймақта жаңа электр беру желілерін құру кезінде ағаштарды шабу өте сирек жағдай.

ҚОҚС-тың болашаққа жоспарлары қандай?

- ҚОҚС – өте жас қызмет, ол 2014 жылы құрылды. Штат құрамына бүгінгі таңда 5 маман кіреді. Олар: сектор бастығы, ҚОҚ бойынша жетекші инженер Сагиндыкова Ферюза, АААЭЖ ҚОҚ бойынша жетекші инженер Курмангалиев Избасар, ЕААЭЖ ҚОҚ бойынша жетекші инженер Немков Денис, СААЭЖ ҚОҚ бойынша жетекші инженер Логинова Дарья. Бұдан бөлек, ААЭЖ, АЭЖ және ЖШТ-нің барлық деңгейлеріндегі техникалық қызметте экологиялық талаптардың орындалуын қадағалайтын жауапты тұлғалар бар. Сектордың маңызды міндеттерінің бірі техникалық қызмет мамандарының арасында экологиялық сауаттылықты жоғарылату болып табылады. Бүгінгі таңда оқу орталығында экологиялық қауіпсіздік пен ҚР табиғатты қорғау заңнамасы талаптарын орындау аясында 100   адам біліктілігін жоғарылатты.

Алдағы болашаққа сектордың басты міндеті – экологиялық менеджмент жүйесін ендіру. Жаңа жүйе Компанияның экология бойынша халықаралық талаптар мен стандарттарға сай келуіне септігін тигізеді. Бұл өз алдына «АЭҮК» АҚ-ның қарқынды дамуы үшін қажет.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі