Маусым айында Есіл ААЭЖ және Сандықтау АЭЖ жедел-жөндеу бригадаларының қатысуымен дауыл зардаптарын жою бойынша апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Степногорск ААЭЖ арнайы техникамен көмек берді.

2017 жылдың 3 шілдесі күні шамамен сағат  19.10-19.20 Ақмола облысының Есіл қаласында нөсерлі жауынмен қатты дауыл болды. Бәрінен көп Есіл қаласы маңы эпи орталығындағы Ақсай кенті зардап шекті. Есіл ААЭЖ өндірістік базасы шатырында орналасқан М-95-М2 анемометр көрсеткіші бойынша мұнда желдің жылдамдығы 42 м/с  жеткен.

Апат соққысы нәтижесінде Есіл ААЭЖ қызмет көрсету аймағындағы 110-35-10-0,4 кВ электр желілері істен шықты. Жалпы алғанда ВЛ-10 кВ – 34 дана, ВЛ-0,4 кВ – 9 дана, ВЛ-110 кВ – 10 дана электр беру сызықтарының 53 таянышы бүлінген және ауыстыруға жатқан. Бұдан басқа А-25 және АС-35 сымдарының 11 шақырымнан астамы бүлінген және үзілген, қосалқы станса жабдықтарының электрлік оқшаулануы мен электр берудің әуе сызықтары да бүлінген, ШС-10 92 оқшаулатқышы мен ПС-70 маркалы 286 оқшаулатқышы  ауыстыруға жатты. Электр энергиясын жеткіліксіз беру 45 мың кВт/сағ шамасын құрады. Барлық дауыл зардаптары қысқа мерзімде  «АЭҮК» АҚ энергетиктерімен жойылды.