«АЭҮК»  АҚ өзінің құрылымдық кәсіпорынының бірі – Ақмола ауданаралық электр жүйелеріне астаналық Көлік және коммуникация колледжінің студенттері үшін экскурсия ұйымдастырды. Ол үшінкомпания студенттерге өз автобусын берді.

Экскурсия барысында студенттерді кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметтерімен таныстырды, сосын ЖДҚ (жедел-диспечерлік қызмет) диспечерлік пунктіне апарды. Мұнда үлкен диспетчерлік қалқанда ААЭЖ қызмет ету аймағындағы барлық энергетика объектілері орналасқан және жақсы көрінеді. Бұл Ақмола облысының алты ауданында орналасқан кернеуі әртүрлі класстағы көп те аз да емес 104 қосалқы станция. ОАК (жедел-ақпараттық кешен) жұмысын  ОАК бастығы Жолдыбаев Бауыржан көрнекі көрсетті. Студенттер шалғайдағы энергия объектілермен байланыс телемеханика көмегіменқалай жүзеге асырылатынын үлкен экраннан бақылады.

Сосын «Астана» 110/10 кВ ҚС болып, студенттерге қосалқы станция туралы айтты, ЗРУ-110 және10 кВ,  диспетчерлікпунктті көрсетті. Кезекші персоналдың бөлмесінде студенттер жеке қорғану құралдарын көріп қана қоймай, қолдарымен ұстап та көрді. Іс-шара «АЭҮК»  АҚ және оқу орыны арасындағы әлеуметтік серіктестік аясында болды.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі